news-img

Алматыда «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының дарынды жастарды қолдау жөніндегі басты іс-шарасының бірі 5 күнде 2 мыңға жуық қазақстандықты жинады. XII «ЖасSTAR» фестивалі несімен есте қалғанына тоқталайық.

Биыл фестиваль өзінің ауқымы және жаңа бағдарламасымен таң қалдырды.

Фестиваль аясында Қазақстанға Нидерланды ұлттық балетінің прима-балеринасы Анна Цыганкова, норвегиялық опера және балет театрының премьері Ксандер Пэриш, Берлин мемлекеттік балетінің прима-балеринасы Ксения Овсяник және Берлин мемлекеттік балетінің премьері Дэвид Мотта сынды жетекші еуропалық театрлардың алғашқы жұлдыздары келді. Фестивальде олар хореографиялық оқу орындарының студенттеріне арнап шеберлік сынып ұйымдастырды.

Қазақстандық сарапшылар мен әртістер театр және заманауи өнер тақырыбын фестивальдің диалогтық платформасында дамытты. Олар елімізбен бірге, шетелде де кең танылған. Бұл-кино және театр актрисасы, тележүргізуші Айсұлу Әзімбаева, AlvinToday сонграйтері, стилист Алексей Чжен, пианист-концертмейстер Гаухар Тасбергенова, балет солисі Әміре Жексенбек, өнертанушы Александра Кудряшова, арт-куратор Ольга Веселова және т.б.

Іс-шара жастардың тәжірибелік дағдыларын дамытуға да арналды. Сәнгер Әділ Ботабаеваның «Мода будущего и устойчивое развитие модной индустрии», әнші AlvinToday «Создание и продвижение песни», QAZART галереясының бас операциялық директоры Алина Абдулл «Коллекция. Портрет. Арт-рынок», «Яндекс.Лавка» креативті директоры Данила Кучумның «Стилистика как образ мышления, дизайн как инструмент», режиссер Мапан Жанайдар және бейнограф Арафат Айтуғанұлының «Короткий метр и его роль в архивации современной культуры», режиссер әрі хореограф Франк Вальдес пен «Jolda» би зертханасының шеберлік сыныбы және т.б. public talks форматында көрсетілді.

 

Фестивальдің экспозициялық аймағында қазақстандық суретші Лукман Татаровтың «Портрет» көрмесі, Kazakhstan Fashion Week жеңімпаз жұмыстары және әлемге әйгілі ASSOULINE баспасының баспа жұмыстарымен көпшілік назарына ұсынылды.

Қойылымның ірі бір бағдарламасын «Astana Musical» театры көрсетті. Фестивальде әртістер «Сиқырлы сазды» хор-концертін, «Номер 13» комедия спектаклін, «ЕНТ тапсырмаймын» спектакль драмасын ұсынды.

«ЖасSTAR» фестивалі аясында студенттік шәкіртақылардың республикалық байқау жеңімпаздарын марапатталды, сонымен қатар «ЖасSTAR Grants Program» шығармашылық грант иегерлерін және «ЖасSTAR Awards» байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімдері өтті. Бұл туралы алдағы материалдан толығырақ оқисыздар.

Түсініктеме қалдыру