news-img

Шымкентте жас ғалымдар мен студенттердің «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты дәстүрлі IX халықаралық конференциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Чехиядан 200-ден астам талантты студент пен зерттеуші қатысты.

Ғылыми форумға жыл сайын қызығушылықтың артып, қатысушылардың дайындық деңгейі жоғары екенін атаған жөн. Спикерлер арасында нейрохирургиялық және ашық жүрекке ота жасайтын жас ғалымдар, соның ішінде жас пациенттер де болды. Олар ТМД елдерінің кеңістігіндегі клиникалық ауруханаларда, медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарында жетекші хирургтар болып табылады.

«Студенттік кезден бастап «Медицина және денсаулық сақтау» деп аталатын ғылымның неғұрлым қызықты және серпінді саласын дамытуға мүмкіндік туды. Зерттеулеріңіз, нәтижелеріңіз, жаңа білімдеріңіз міндетті түрде сұранысқа ие болады, өйткені қазірдің өзінде ата-аналар, ғылыми жетекшілер және ЖОО әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетіледі. Халықаралық серіктестікте де маңыздылығы артып келеді», - деді конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының бірінші проректоры, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі Кеңестің мүшесі Марлен Есіркепов

Сөз сөйлеушілер арасында PhD докторы, доцент, Шымкент қаласындағы №1 қалалық аурухананың инсульт орталығының жетекшісі Еркін Медетов, PhD докторы, доцент, Шымкент қаласындағы «Клиника Кардиомед» ЖШС бас дәрігері Берік Болатбеков, ОҚМА докторанты Қасымхан Сұлтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Сержан Құрамыс, ОҚМА интерн-дәрігері Отари Окроадзе, Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің студенті Карина Ахиярова, Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің студенті Владимир Туренко және т.б. ерекше көзге түсті.

Секция модераторлары атап өткендей, жыл сайын қызықты баяндамалар көбейіп келеді, себебі ғылыми әлем дамып, ғылыми қоғамдастықтан жаңа шешімдер мен тәсілдерді талап еткен прогресс қарыштап дамып отыр.

Форум қорытындысы бойынша үздік баяндамалар аталып, конференция материалдары «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының хабаршысы» ғылыми журналында жарияланды.

Түсініктеме қалдыру