Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға қалай көмектесуге болады?
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу басты қиындықтың бірі. Көбінесе ата-аналар мұндай баланың өзін-өзі қалай ұстайтынын білмейді. Дамудың бұзылуы – бұл ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өзіне ғана емес, бүкіл отбасы үшін үлкен мәселе.
Баланың дүниеге келуі өмір сүру салтын өзгертеді. Ата-аналардың көбінесе мұндай баланың мінез-құлқы туралы білмеуі оның ұзақ мерзімді бейімделуінің, оқшаулануының және кемсітушілігінің басты себебі болып табылады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы тәрбиелеп отырған ананың бірі Маржан Тұрлыбекова ата-аналар мен балаларға көмектесу үшін Қарағанды облысында «AQYLSANA» қоғамдық қорын құрған еді.
- 12 жыл бойы ерекше баланы тәрбиелеп келемін, баланы әлеуметтенуде үлкен қиындықтарға тап болдым (мектепке дейінгі және мектептегі білім). Жұмысымды тастап, тек баламен айналысуға мәжбүр болдым, онымен қалай кәсіби әрі нәтижелі жұмыс істеуді білмедім, не істеу керек, онымен бірге қалай өмір сүру керек дегендей қолымда нақты алгоритм болмады. Ерекше қажеттілігі бар көптеген ата-ана осындай күйде болады, - дейді Маржан Тұрлыбекова.
Бала тәрбиелеу кезінде келіншек ерекше балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-ана құзыретін қалыптастыру керек деген ұйғарымға келді. Осылайша, «BALPAN» отбасылық бақыт академиясының жобасы пайда болды, оны іске асыру үшін «AQYLSANA» ҚҚ 2022 жылы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын иеленді.
Жоба аясында ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған 30 отбасымен мінез-құлықты талдаушы мамандар, психотерапевтер, логопедтер мен дефектологтар жұмыс істейді. Балалар терең диагностикадан өтеді, ал ата-аналар үшін ерекше қажеттілігі бар балаларға отбасылық тәрбие мен білім беру мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау аясында әлеуметтендіру бойынша түзету-дамыту сабақтары өтеді.
Академия жұмысының қорытындысына алдағы уақытта толығырақ тоқталамыз. Біздің жазбамызды қалт жібермеңіз.