news-img

Біздің жобамыздың қатысушылары ізденімпаз, мақсат қоя білетін әрі жауапты жандар екенін мақтан тұтамыз. Бұл ең маңызды қасиеттер белсенді болып, табысқа жетуге жол ашады. 

Туған жердің тарихына деген қызығушылығы артқан Павлодардағы машина жасау колледжінің студенті Әлішер Ахмет былтыр желтоқсан айында «Тәуелсіздік дәуірі» атты республикалық олимпиадада жеңіске жетті. Сайыс жастарға өз ой-өрісін кеңейтуге, егемен Қазақстанның дамуына қатысты фактілерді білуге, сонымен қатар өзін Мемлекет басшысы ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Ойын барысында қатысушылар мемлекеттің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауы керек. 

Әлішер I іріктеу кезеңде 1429 адамның арасында топ жарып, 20 финалисттің бірі атанды. 

Студенттің айтуынша, кураторы оның қабілетіне сеніп, «Тәуелсіздік дәуірі» олимпиадасына қатысуды ұсынған. Колледжде үш ай бұрын Әлішер бірнеше іс-шараға қатысып, жүлделі орындарға ие болған еді. 

Әртүрлі жарыстарға қатысып, ең алдымен өзіме, өзімнің әлеуетіме сену керек екенін түсіндім. Жетістікке жету жолы өте ауыр, кейде сәтсіздікке ұрынып жатамыз. Жетістік көп еңбек етуді, қиындық пен кедергіге қарсы тұра білуді, шыдамдылық пен батылдық қажет етеді, - дейді Әлішер.

Әлішерге зор денсаулық, табыс пен жеңіс тілейміз!

Түсініктеме қалдыру