news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінде «Дағдарыстық психотерапия және кеңес беру: заманауи тәсілдер мен технологиялар» атты халықаралық конференция өтті. Оған мыңға жуық маман, атап айтқанда психологтар, психотерапевтер, педагог-психологтар мен жас ғалымдар қатысты. Форум аралас форматта өтті.

Конференция тақырыбын таңдау халыққа сапалы психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге байланысты мәселелерді кәсіби түрде жариялаудың шұғыл қажеттілігінен туындады.

- Қазіргі әлемнің алдында тұрған сын-қатерлер өзімен бірге жеке адам мен бүкіл қоғам үшін бұрын-соңды болмаған дағдарыс байқалуда. Психологиялық және әлеуметтік дағдарыстар халықтың биологиялық, психикалық және психологиялық денсаулығының нашарлауына және бейімделу бұзылысының тұрақты түрде өсуіне әкеледі. Осыған байланысты дағдарыстық психотерапия және шұғыл және ұзақ мерзімді жаппай көмек көрсету мүмкіндіктерімен кеңесу халықтың күйзеліске төзімділігін арттырудың маңызды факторларына айналып отыр, - деді халықаралық әлеуметтік психотерапия және кеңес беру институтының директоры, «JANYM» жобасының жетекшісі Наталья Клюжина.

Конференцияға қатысушылар күйзеліспен жұмыс істеу бойынша психотерапияның ең өзекті білімдері, әдістері мен құралдарын алды. Есім-сойы кәсіби қоғамдастықта кең танылған спикерлер ой-пікірін бөлісті. Спикерлердің сөзін Халықаралық әлеуметтік психотерапия және кеңес беру институтының YouTube арнасынан көруге болады, ал спикерлердің кейбір презентациясы жақында iispc.org сайтында жарияланады.

Форумға қатысушылар мамандарын шоғырландыруда бірегей диалог алаңы ретіндегі осындай іс-шаралардың маңызы мен шұғыл қажеттілігін атап өтті.

Конференцияның ұйымдастырушылары: «JANYM» ҚБ, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Дегдар» гуманитарлық қоры, Халықаралық әлеуметтік психотерапия және консультация беру институты, Алматы қаласы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, ҚазҰПУ.

Түсініктеме қалдыру