news-img

 

Ресми ашылу 2023 жылдың 3 сәуірінде, Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орайластырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Павлодар облысында АСБ бар 300-ден астам бала тіркелген.

Өңір үшін маңызды іс-шараға Павлодар облысының әкімі Байханов Асаин, "Samruk-Kazyna Trust" КҚ бас директоры Адиева Альфия, "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева және "Қамқорлық Қоры" КҚ директоры Арайлым Еркінова қатысты.

Павлодар қаласы, Жамбыл көшесі, 6-ғимарат мекенжайы бойынша облыстық балаларды оңалту орталығының базасында "Қамқорлық" аутизмі бар балаларға арналған орталығы  ашылды. Орталық жыл сайын 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психо-неврологиялық бұзылулары бар 100 ден аса балаға қызмет көрсете алады.

Балалармен жұмыс істеу үшін: педагогтар, психолог, сенсорлық интеграция маманы, психиатр, невропатолог, педиатр, жаттығу терапиясының нұсқаушысы мамандар тобы дайындалды.Мұнда әлемдік тәжірибеде өзінің тиімділігін көрсеткен түрлі бағыттар мен әдістер қолданылады: Ава-терапия, кәсіптік терапия, кинезиотерапия, бейімделу және емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы, арт-терапия, музыкалық терапия, қыш жасау, ата-аналармен жұмыс, сенсорлық интеграция, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, логопед, психолог және дефектологпен сабақтар.

Мамандар аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларды оңалту саласындағы отандық және шетелдік сарапшылардың курстарын, тренингтерін, көшпелі семинарларын қамтитын арнайы әзірленген бағдарлама шеңберінде оқытылады. Мамандарды даярлау Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен ұйымдастырылды.

Орталықты жабдықтау мәселесіне ұқыпты және мұқият қарады - үй-жайларды жобалаудың бірыңғай тұжырымдамасы аутист балалармен жұмыс істеу ерекшелігін ескере отырып әзірленді. Сапалы, қауіпсіз,  мобильді және баламен бірге "өсе" алатын жиһаз халықаралық талаптарға және EN және ISO стандарттарына сәйкес келеді. Орталықта аутизмі бар балалардың мінез - құлқын түзетудің ең тиімді әдістерінің бірі-АВА-терапия және АСБ бар балаларды оңалтудың жаңа технологиялары: интерактивті және сенсорлық бөлмелер, сондай-ақ роботерапия қолданылады.

"Әлемдік тәжірибеде аутист балалармен түзету жұмыстарында робототехниканы қолдану қалыпқа айналды. Барлық балалар мұғалімнің нұсқауларын орындай бермейді, өйткені орындау олар үшін тікелей көз байланысын қажет етіп, көздің шаршап қалуына әкеледі. Роботтар бұл ыңғайсыздықты жояды. "Қамқорлық" орталығында мамандарға NAO және Furhat атты Роботтар көмектеседі: тұрмыстық дағдыларды үйрету, диалог құру, зейінді дамытуға арналған жаттығулар өткізу, сондай-ақ кеңістіктегі қозғалыс.

Павлодар облысы үшін осы маңызды әлеуметтік жобаны құруда біздің қорды, орталықты жарақтандыруды қаржыландырған "Қазақстан халқына" және "Самұрық-Қазына" қорлары. Биыл өңірлерде: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында осындай тағы 7 орталық ашу жоспарлануда",-дейді "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.

Түсініктеме қалдыру