МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ IT ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Astana IT University-де Қазақстан мектептері мен колледж түлектерінің жоғары сынып (10-12 сыныптар) оқушылары арасындағы республикалық ғылыми IT жобалар байқауы аяқталды.
Байқауға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры демеуші болған.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін және ақпараттық технологиялар саласындағы білімге деген қызығушылығын анықтау және дамыту.
Байқаудың тақырыбы – «Smart City технологиялары».
Онлайн өткен біріншіліктің 1 кезеңіне 82 өтінім келіп түсті.
Сараптама комиссиясы жобаларды іріктеп, бағалайды. Финалға 28 жоба өтті (барлығы - 41 қатысушы).
Байқау жеңімпаздары AITU-да оқу үшін ректордың білім беру гранты бар 1 дәрежелі дипломмен (10 оқушы), 2 және 3 дәрежелі дипломмен (11 оқушы), сонымен қатар, сыйлықтармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары небір қызықты жобаларды ұсынды. Атап айтсақ, «Агроөнеркәсіпке арналған нейрондық желіні қолданатын көпфункционалды дрон және жер үсті техникасы» (1-орын – Қостанай қ. «Озат» арнайы мектеп-интернатынан Оразбай Нұрхан), «Жол-көлік оқиғасының алдын алудың кіріктірілген жүйесі бар екі камералы бейнетіркегіш» (1-орын – Көкшетау қ. ФМБ НЗМ Қали Асылхан және Алматы қ. ФМБ НЗМ Есалы Сәбина), «Arduino платформасының көмегімен жүрек соғысының ауытқуын және ауруын анықтау» (1-орын – Қызылорда қ. Жұлдызай Мұңайтбасова ХББ НЗМ) және т.б.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа табыс тілейміз!