Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі басталды
Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының 50 финалисі бүгін-ертең қазақстандықтардың әл-ауқатына бағытталған шешімі мен бастамасын ұсынады. Ең үздігі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын иеленеді.
Айта кетейік, биылғы байқаудың тақырыбы «Құқық, денсаулық және коммуникация – қазіргі әлемнің тұрақты дамуына бағдар». Үш номинация бойынша 151 жоба қатысып, оның 50-і ғана байқау шарттары бойынша финалға шықты.
Жәрмеңкенің басты міндетінің бірі өңірлік және ауылдық ҮЕҰ-ны қолдау. Жыл сайын байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұйымдар қатысады. Бұл жолы 151 жоба мына аймақтардан ұсынылған: Астана – 13, Алматы – 16, Шымкент – 5, Абай обл. – 3, Ақмола обл. – 4, Ақтөбе обл. – 8, Алматы обл. – 8, Атырау обл. – 16, ШҚО – 4, Жамбыл обл. - 5, Жетісу обл. - 25, БҚО – 8, Қарағанды обл. – 3, Қостанай обл. – 6, Қызылорда обл. – 8, Маңғыстау обл. – 8, Павлодар обл. – 2, СҚО – 4, Түркістан обл. – 5.
- Бұл ұзақ жыл бойы әлеуметтік саладағы коммерциялық емес ұйымдардың бастамалары мен жобаларын қолдап келе жатқан Қордың маңызды жобасының бірі. Жәрмеңке мен байқаудың басты мақсаты – нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешетін идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға көмектесу. Қор қолдайтын жобалардың көпшілігі инклюзивті қоғамды дамыту, салауатты өмір салтын, білім бердіу, отбасын, спортты, жастарды патриоттық тәрбиелеуді дамытумен және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсетумен байланысты, - деді Қор жобаларының аға үйлестірушісі Гүлнәр Ершиманова.
2008 жылдан бастап ҮЕҰ-ның 311 жобаға Қор қолдау көрсеткен, бұл бүкіл ел бойынша осы уақыт ішінде барлық жас санатындағы халық үшін инклюзияны, білім беруді, мәдениетті, спортты, кәсіптік бағдарлауды және бос уақытты ұйымдастыруды дамытуға байланысты қоғамның өзекті түйткілдері шешілгенін білдіреді.
Екі күн бойы финалистер құқықтық мәдениет, денсаулық үшін ортақ жауапкершілік, ақпараттық сауаттылық сияқты әлеуметтік маңызды мәселелердің шешімін ұсынады.