Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі қалай өтіп жатыр
Кеше байқауға қатысушылар «Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау» мен «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары» атты екі номинация бойынша жобаларын таныстырды. Бүгін қазылар алқасының мүшелері «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» атты тағы бір номинацияға қатысушыларды тыңдады. Комиссияның алдында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грант иегерлеріне анықтау сынды маңызды міндет тұр.
«Құқықтық құзыреттер: сыйластық мәдениеті және заңдылықты сақтау» номинациясында 11 номинант, «ҮЕҰ үшін коммуникациялар: халықпен жұмыс істеудің үздік стратегиялары» номинациясында – 16 және «Халықтың денсаулығы мен әл-ауқаты: денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділікті арттыру» номинациясында – 23 адам жаңа идеялар мен шешімдерін ұсынды.
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі – бұл сан қырлы іс-шара әрі ол тек қатысушылардың жобаларын көрсетумен шектелмейді. Республикалық байқаудың финалымен бірге, жәрмеңке бағдарламасына ҮЕҰ өкілдері арасындағы кәсіби нетворкинг пен білім беру сессиялары енгізілді.
Биыл іс-шараның барлық қатысушысына «Сыни ойлау дағдысын қалай дамытуға болады» және «ҮЕҰ үшін медиа және ақпараттық құзыреттілік» атты екі тренинг өтті.
Бірінші тренингті PhD, ҚБТУ бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Қайыржан Әбдіхалықов жүргізді. Ол заманауи ойлауға тоқталып, тыңдаушыларға сыни ойлау ұғымын түсіндірді. Тренингтің тәжірибелік бөлігінде қатысушылар логиканы дамыту құралдарымен танысып, сыни ойлау дағдыларын игерді.
«ҮЕҰ үшін медиа және ақпараттық құзыреттілік» тренингінде «Медиа сабак» қорының директоры және «Медианы қолдау орталығы» қорының бағдарламалық директоры қырғызстандық Айчурек Усупбаева ақпаратпен қалай жұмыс істеу керектігін және бұл үшін қандай құзыреттер қажет екенін айтты. Бұған қоса, оның сабағында қатысушылар ақпараттың түрлерін, дереккөздерін білді. Спикердің дәрісі, пікірталас, кейстерді таныстыру және тәжірибелік жұмыс арқылы тыңдаушылар қазіргі әлемдегі ақпараттың рөлі туралы жан-жақты білім алды.
Көп ұзамай комиссияның жұмысы аяқталады, ал біз әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы еліміздің дамуына үлес қосатын жандарды білеміз.