Қордың стипендиаты Кристина Весельская: Арманыңызға шектеу қоймаңыз
Кристина Весельская М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде «Аударма ісі» мамандығында оқиды. Бойжеткеннің тілге деген сүйіспеншілігі бала кезінде поляк және неміс тілінде сөйлеген туыстарының сөзін естігенде оянған. Сол кезде бірнеше тілде еркін сөйлеу мүмкін еместей болып көрінген. Осылайша, ол тіл үйренуді мақсат тұтты.
Бүгінде Кристина ағылшын тілін жетік біледі, әр жылдары қытай, поляк және украин тілдерін үйренген. Соңғы екі жылда ағылшын тілімен қатар, неміс тілін де синхронды түрде аудара алатын деңгейге жетті. Студент кезінен-ақ ол өзіне табыс әкелетін сүйікті ісімен айналысады.
Кристина мектеп пен колледжді қызыл дипломмен бітірді, ал университеттегі GPA-сы 3,8. Ол Қазақстанның кәсіби аудармашылар мен аударма компанияларының қауымдастығының мүшесі болып табылады. ҚР Сыртқы істер министрлігінде тағылымдамадан өтіп, қайырымдылық және еріктілік қызметпен белсенді айналысады.
- Әртүрлі мәдениет пен ұлт өкіліне қарым-қатынас жасауға көмектесу, еріктілікпен айналысу, адамдарға, атап айтқанда балаларға көмектесу үшін өзімнің әлеуметтік міндетімді орындау сынды балалық арманымды іске асырып, өзімді дәл сол бағытта жұмыс істеп жатқандай сезінемін. Сабақ берген кездегі олардың шынайы ниеті мен көзінде оты маған шабыт береді. Жас журналистерге қолдау көрсету және олар үшін мақалаларды шет тілдерге аудару арқылы мен олардың мансабына қосқан аздаған үлесімді сезінемін, бұл маған қуаныш сыйлайды әрі шабыттандырады, - дейді Кристина Весельская.
Дарынды студент үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының шәкіртақысы – қажырлы еңбектің жемісті боларына бұлтартпас дәлел.
- Әрекетіңізден ештеңе шықпайтындай сезініп, күш-қуатыңыз жеткіліксіз, бәсекелестік тым жоғары болса да, жол ортадан кері шегінбеңіз. Қажырлы еңбектің міндетті түрде жемісі болады. Арманыңызға шектеу қоймаңыз, оларға жету үшін мақсат қойыңыз, - дейді біздің стипендиат.