news-img

2023 жылдың 15 маусымында «El Umiti» корпоративтік қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Дарындыларды қолдаудың еуропалық кеңесімен бірлесіп Астанада «Балалар мен жастардың қабілеттерін, дарындылығын диагностикалау мен дамытудағы өзекті мәселелері» I Халықаралық психологтар форумының алғашқы күні тәмамдалды.

Іс-шара қабілеттер мен дарындылық психологиясы саласының зерттеушілері мен тәжірибелі мамандардың басын біріктіріп, балалар мен жастардың әлеуетін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған. Қатысушыларға пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер және форсайт-сессиялар арқылы эксперименттік психологиялық зерттеулердің әдістемелері, перспективалары және нәтижелерімен алмасу үшін көптеген мүмкіндік берді.

Пленарлық отырыс аясында Дарындыларды қолдаудың Еуропалық желісінің (ECHA) вице-президенті, психолог және профессор Сильвия Фодор, Венгрияның таланттар кеңесінің директоры, ECHA өкілі Чилла Фусжек және тағы басқа жоғары лауазымдағы қонақтар сөз сөйледі.

Сонымен қатар, форумда дөңгелек үстелдер мен форсайт-сессияларға арналған алаң ұсынылды, онда білім беру жүйесіндегі балалардың қабілеттерін дамытуды психологиялық-педагогикалық қолдаудың заманауи үрдістері, инклюзивті орта жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың қабілеті мен дарынын дамыту жолдары, қабілеті мен дарынын дамытудағы инновациялық тәжірибе, диагностиканың заманауи психотехнологиялары және психикалық денсаулықты нығайту тақырыптары және т.б. талқыға түсті.

Балалар психологиясы және таланттар мен дарындылықты дамыту саласындағы жетекші халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен өткен Crunch-сессиялар форум бағдарламасын толықтырып, қатысушыларға нақты мәселелерді талқылауға және осы саладағы инновациялық шешімдерді табуға жол ашты.

Форумның екінші күні 2023 жылдың 16 маусымында өтеді. Форум аясында позитивті психология, білім беру саласындағы мамандарға арналған тестілеуді басқару, шағын мектептердегі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту және балалардың жеке ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі.

Түсініктеме қалдыру