news-img

Qabilet – бұл Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі балалардың қабілеті мен оқушылардың кәсіби бағдарлануының алғашқы кәсіби диагностикасы. Одан өткен бала өзінің қабілеттін егжей-тегжейлі талдай алады. Ал психологтар сол нәтижеге сүйене отырып, балалар мен ата-аналарына және мұғалімдеріне баланың әлеуетін дамыту және болашақ мамандықты таңдау бойынша кеңестер береді.

Жобаның негізгі міндеті – әр отбасына баланың қабілет деңгейін дұрыс бағалауға және оқыту мен дарынын дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру. Qabilet қызметі мықты жақтарын біліп, әлсіз тұстарына үңілуге жол ашады. Әрі бүгінде 4 «К» деп аталатын сыни ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас және ынтымақтастық сынды сұранысқа ие төрт негізгі дағды бойынша қабілетті анықтайды.

Әрбір жастағы топ үшін мамандар тест тапсырмаларының форматы, мазмұны мен күрделілігі бойынша ерекшеленетін жеке тест әзірледі. 

Қазіргі таңда 185 мыңнан астам жас диагностикадан өтті әрі күн санап олардың саны өсіп келеді. Қабілетті анықтау оңай, үйде онлайн түрде qabilet.elbasyacademy.kz сайты арқылы диагностикадан өтуге немесе облыс орталықтарында және Астана, Алматы және Шымкент қаласында орналасқан «Дарын» өңірлік орталықтарына баруға болады. 

Qabilet жобасын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен «El Úmiti» корпоративтік қоры жүзеге асырып келеді.

Түсініктеме қалдыру