Қор стипендиаты Фарида Дулатай: Өзіңізге сеніп, бастамаңызға батылдық танытыңыз
Қор стипендиаттары шын мәнінде жан-жақты тұлға. Негізгі оқумен қатар, олар өзін-өзі дамытып, тіл үйренумен, оқумен, шығармашылықпен және спортпен шұғылданумен айналысады. Бүгін біз де сондай адам туралы айтамыз.
Нархоз университетінде «Маркетинг» мамандығы бойынша магистрант Фарида Дулатай бос уақытында шағын әңгімелер, өлеңдер жазып, сурет салды, түрік және поляк тілдерін өз бетінше үйренді, музыкалық аспаптарда ойнауды меңгерді. Әлі күнге дейін одан қол үзген жоқ.
- Бала кезімнен әлі күнге дейін мен бірдеңені білуге құмартып тұрамын. Әлі күнге дейін әлем туралы мүмкіндігінше көбірек білгім келеді. Менің ойымша, білімдегі ең жақсы құрал кітап, сондықтан қазіргі уақытта менде бірқатар кітаптар жинағы бар, олардың көбін оқығанмын, - дейді Фарида Дулатай.
Бойжеткен жаңа дағдыларды игеріп, жетілдіру секілді үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады. Оның пайымдауынша, ғылыми, шығармашылық және әлеуметтік өмірге белсенді қатысудан артық дамуға ықпал ететін нәрсе жоқ, өйткені әлем бір орында тұрмайды және айналадағы өзгерістерге ілесу маңызды. Фарида өзінің кәсіби және жеке қасиеттерін күшейту арқылы адам жалпы қоғамның дамуына үлес қосады деп сенеді.
- Бірінші кезекте Қордың шәкіртақысы оқумен қатар, ғылыми қызметте, қоғамдық өмірде де жетістікке жетуге тырысып, дұрыс бағытта екенімді растау болып табылады. Әрі жаңа мақсаттарға жетуге шабыт береді. Марапаттау рәсіміне қатысу ұмытылмас әсер қалдырды: маңайда көптеген ақылды әрі талантты жас, Қор өкілдерінің және басқа да спикерлердің шабыт беретін сөздері, марапаттарды салтанатты түрде тапсыру - жаңа жеңістер үшін қуат алмау мүмкін емес – деп Фарида әсерімен бөлісті.
«Жолды жүрген жеңеді. Егер бірінші рет сәтсіз болса, тыңғылықты әрі көбірек дайындалуға тырысыңыз, ақыр соңында мақсатқа жетесіз. Өзіңізге сеніп, бастамаңызға батылдық танытыңыз», - дейді Фарида Дулатай замандастарына үндеу жолдап.