news-img

Астанада ерекше қажеттілігі бар балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға арналған Аrt-activities инклюзивті тегін шеберлік дәрісі өтеді.

Бұл маңызды жобаның авторы кәсіби суретші Анастасия Жарко. Оның басшылығымен жыл соңына дейін 6 мен 13 жас аралығындағы 125-ке жуық бала өнер мен шығармашылық әлеміне еніп, құнды білім алып, дағдыларды үйренеді.

Анастасия Жаркомен бірге балалармен кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер мұғалімдері сабақ өтіп, балалардың психоэмоционалды жағдайын жақсартуға, эмпатияны дамытуға, оларды бейнелеу өнеріне деген ынтасын одан әрі дамытуға тырысады.

Жобаның жүзеге асуына Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдау көрсеткен. Анастасия Жарко дарынды жастарға арналған шығармашылық жобаларды іске асыруға арналған гранттар байқауында жеңіске жеткен Қор грантының иегері.

- Галерея үшін Қазақстанда бейнелеу өнері саласын дамыту маңызды, бұл адамдар бала кезден өнердің өмірімізге қаншалықты әсер ететінін түсінген кезде ғана іске асады. Біздің жоба көптеген балаға кішкентай кезінен бастап шығармашылықпен айналысуға және болашақта өз өмірлерін байланыстыруға көмектеседі деп үміттенеміз, ‒ дейді Анастасия Жарко.

Барлық шеберлік дәрісі бейнелеу өнерімен (фотобейнеконтент өндіру) сабақтас әртүрлі ортаны белсенді түрде тартуға арналған. Оның барлығы креативті ғана емес, сонымен қатар өте сұранысқа ие, шеберлік дәрісте үйренген дағдылардың болашақта өзін жұмыспен қамтуда құндылығы арта түседі.

 «Мұндай дағдыларды игеруге негізі біраз қаржы қажет. Сондықтан біз жобаны толықтай тегін жасағымыз келді ‒ өнер саласындағы білім, біздің ойымызша, балаларға қолжетімді болуы керек. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауының арқасында біз балалардың жобаға тегін қатысуына қамтамасыз еттік», - дейді Анастасия Жарко.

Алдағы уақытта осындай жобаларға мүмкіндігінше өңірлерден балаларды көптеп тарту үшін қормен өзара іс-қимыл жасау жоспарланып отыр.

Түсініктеме қалдыру