news-img

Талдықорған қаласының жастары мен оқытушыларына түрлі бағыт бойынша озық білім, негізгі дағдылар мен маңызды практикалық тәжірибе алуға тамаша мүмкіндік туды. Қаланың белсенді ҮЕҰ-на қаржылық қолдау көрсетілді.

Өңірдегі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында 15-17 қараша аралығында бірқатар іс-шара өткізілді.

Білім беру мекемелерінде кездесулер мен майталман мамандардың шеберлік дәрісі ұйымдастырылды. Әрі қатысушылар Қордың бастамасымен ашылған «Қамқорлық» ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталықтарға барды.

Қор күндері Қордың және ведомстволық бағынысты ұйымдар жобаларының роуд-шоуынан басталды. «Еl Umiti» «Мың бала», «Qabilet», «Birge Oqý», «Тәуелсіздік дәуірі», «Еl umiti», «Smart Ustaz» және т.б. жобаларымызды іске асыру арқылы Қазақстанның балалары мен жастарының дарынын, әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл бастамалар әртүрлі аймақтағы мыңдаған жасты қамтып, жаңа дағдыларды дамытуға, әлеуетін ашып, алғашқы маңызды жетістікке жетуге бірегей мүмкіндіктер береді. Біз жеке жетістіктерді дамытуға ғана емес, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге де ұмтыламыз. Білім беру және педагогикалық бастамаларды қолдау қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді және келесі ұрпақты үлкен жетістіктерге шабыттандырады деп сенеміз», - деді жобаларды таныстыру барысында «Еl umiti» ҚҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова.

«El umiti» КҚ қызметкерлері еліміз бойынша 2020 жылдан бері 618 мыңнан астам оқушы қамтығанын айтты. Оның ішінде 1342 оқушы «Дарын», БИЛ, РФММ мектептеріне қабылданды.

Тағы бір жоба – «Qabilet» қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі 2021 жылдан бастап 233 600 баланы қамтыды.

«Birge oqy» онлайн платформасы 6-8 сыныптардың 10 мыңға жуық оқушысына синхронды оқыту форматында академиялық қолдау көрсетті, 3-10 сыныптардың 8,5 мың оқушысы асинхронды оқыту форматында қосымша білім алды. 

«El umiti» КҚ-ның осы және басқа да көптеген жобасы роуд-шоу кезінде көрініс тапты.

Сарапшылардың жастармен және оқытушылармен кездесуі өзекті тақырыпты қызу талқылаумен ерекшеленді. Қалалық Оқушылар сарайында өткен пікірталас тренингтері кезінде өз пікірін қалай қорғауға болатындығы, аудитория алдында сөз сөйлеу туралы сөз қозғалды.

Педагог-психологтарға арналған тренингтер балалар мен оқушылардың қабілетін диагностикалау әдістерін зерттеуге арналған.

Робототехника мұғалімдерімен үлкен тәжірибелік жұмыс жүргізілді. «Роботек» мектебі жүргізген робототехника бойынша оқыту курсы кезінде мектептің жетекші мамандары инженерия, электроника және бағдарламалау салаларында білім берді.

Жетісу облысының «Қазақстан студенттер Альянсы» филиалына және «Ардагерлер одағы» РҚБ облыстық филиалына ақшалай сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті. Әрбір ҮЕҰ қордан 2,5 миллион теңгеден алды. Қордың атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында айтты: «Қордың сан қырлы қызметі жастардың өміріне нақты үлес қосатынын атап өтуге қуаныштымыз. Қор жұмыс істеген жылдарда мыңдаған оқушы, студент маңызды білім алып, өз ісінің маманы атанды, өзіне деген сенімділік ұялады. Қордың ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға белсенді түрде көмектесуі, мықты болуға, жақсы өмір сүруге мүмкіндік беруі аса маңызды».

Оқушыларға арналған шеберлік дәрістері І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жалғасты. Мұнда пиар-менеджер, коммуникация жөніндегі маман Оксана Әубәкірова және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры сыйлығының лауреаттары, көрнекті мәдениет қайраткерлері Жібек Сапарғалиева мен Талғат Мұсабаевтың кездесуі өтті.

Талдықорған музыкалық колледжінде студенттермен Қор сыйлығының лауреаттары, Қазақстанның «алтын виолончель» халықаралық байқауларының лауреаттары Ермек Құрманаев, әншілер Ардақ Балажанова және Есбол Шаңбаев сабақ өткізді.

Талдықорған жоғары медициналық колледжінде Қор сыйлығының лауреаты, м.ғ.д. Сухраб Жапаров өзінің кәсіби қызметі мен Қор жобалары туралы айтып берді.

Өңірдегі Қор күндері бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталықтарына бару ерекше маңызды болды

Аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық (2023 жылдың мамырында ашылған), ерте араласу орталығы (2023 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді).  

Аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық 1,5 пен 18 жас аралығындағы 125 балаға арналған. Онда 49 маман жұмыс істейді. Ерте араласу орталығында 2 айда 42 бала қабылданды.

Сонымен қатар, №27 ОМ-гі инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысты. Кабинет ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 балаға арналған. ИҚК-нің басты міндеті – балаға мүмкіндігінше дербес әрі жалпы білім беру үдерісіне біріктіруге көмектесу.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры орталыққа жүгіру жолы, дамытушы арнайы ойыншықтар, ноутбук, түрлі-түсті принтер сыйға берді.

«Қамқорлық» жобасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан халқына» Қорының қолдауымен жүзеге асырып отыр.

Жалпы, 2020 жылдан бастап 15 оңалту орталығы, 11 ерте араласу орталығы ашылды, онда 30 мыңнан астам бала кешенді көмек алды. Әрі Қор аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 4 орталық ашты, оған 414 бала барады.

Түсініктеме қалдыру