«Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында 800 отбасы көмек алды
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Qolqanat» қайырымдылық акциясы Қазақстанның сегіз өңірін қамтыды.
Ауқымды акция Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстарында өткізілді.
Бұл жолы іс-шара аясында 800-ге жуық отбасы көмек алды. Бұл ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, асыраушысынан айырылған отбасылар.
Әр өңірден 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Оларға азық-түлік жиынтығы мен қажетті тауарлар берілді, атап айтқанда: күріш - 5 кг, қант - 10 кг, ұн - 10 кг, жарма түрі - 5 кг, халуа - 2 дана, кәмпит - 2 кг, печенье - 2,4 кг, макарон - 10 кг, қара шай - 500 гр, өсімдік майы - 5 л, картоп - 5 кг, қырыққабат - 5 кг, сәбіз - 5 кг, пияз - 5 кг, кір сабын, тіс пастасы, зығыр ұнтағы - 3 кг/5 л, дәретхана сабыны - 1 пакет, сусабын.
«Біз үшін мұқтаж жандарға атаулы көмек көрсету аса маңызды. «Qolqanat» акциясын үшінші жыл қатарынан «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып келеміз. Жыл сайын көмекке мұқтаж 2000-ға жуық отбасыға көмек берілді. Серіктестерімізге, аймақтық қайырымдылық қорларына ынтымақтастық үшін, еріктілерге еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.