Бейбітшіліктің жаңа формуласы: трансформация қарсаңында
11-12 желтоқсанда Астанада жыл сайын саяси қайраткерлер, дипломаттар, беделді ғалымдар мен әлемдік ірі талдау орталықтарының жетекші сарапшылары бас қосатын Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VII отырыс өтіп жатыр.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Нұрсұлтан Назарбаев Қордың жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ).
Астана Клубының басты миссиясы – жаһандық тенденцияларға анализ жасау және жалпы әлемге және Еуразия өңіріне ықпал ететін маңызды мәселелердің шешімін табу.
VII отырыс тақырыбы – «Бейбітшіліктің жаңа формуласы: Трансформация қарсаңында».
Екі күн ішінде сегіз тақырыптық сессия өткізу жоспарланған:
- «Баяулап қалған» әлемдік экономика: фрагментация қаупі және оны қалай шешу керек?;
- «Үлкен Орталық Азия: Ауғанстан және аймақтың болашағы»;
- «Санкциялар: Шынайылық арқылы тексеру»;
- «Таяу Шығыс: Аймақты не күтеді?»;
- «Ұлы бөлініс: Блокализация дәуірі»;
- «Алыптар текетіресі: АҚШ пен Қытайдың әлемдік тәртіпте басымдыққа ие болу үшін таласы»;
- «Уақыт таяп қалды: Жаһандық климат мәселесі және оны қалай шешу керек?»;
- «ЖИ революциясы: Әлемнің соңы, біз бұл жөнінде не білеміз?».