news-img

Бүгін нақты ғимараттар мен орындардың 3D модель галереясын көрсететін almadrone.kz веб-сайты іске қосылды

— Біздің жоба заманауи сканерлеу және модельдеу әдістерін қолдана отырып, монументалды өнер мен мәдени мұра нысандарының үш өлшемді көшірмелерін қайта жасауға бағытталған, - дейді идея авторы, қабырғаға сурет салудан 10 жылдан астам тәжірибесі бар Антон Попов.

Ол жоба өнер нысандарын, әсіресе көше, монументалды, әлемнің кез келген нүктесінен көруге болатын цифрлық форматта сақтау мақсатында жасалғанын атап өтті.

- Суретші ретінде мен бес қабатты ғимараттың суретін салдым. Мен жыл өткен сайын ауа-райының әсерінен суреттің оңып, көрінісін жоғалтқанын көрдім. Тарихи нысандарда да солай. Қалпына келтіріп отырмасаңыз мозаика мен рельефтер де жоғалады. Сондықтан мен еңбектің нақты көшірмесін сақтау үшін сандық нұсқасын жасауды шештім, - дейді Антон.

Almadrone.kz – бұл галерея немесе мұрағаттың бір түрі, онда талантты суретшілерінің туындылары, тіпті түпнұсқа муралдар, фрескалар мен мозаика жоғалып кетсе де сақталады. 3D галерея форматы еңбекті әр жағынан қарауға мүмкіндік береді. Келушілерге дарынды қазақстандық және халықаралық суретшілердің еңбектері жаңа қырынан танылып, әрбір бөлшегі егжей-тегжейлі көрсетілуі мүмкін.

Сайттағы әр жобаның қысқаша ақпараты, фотосуреті және интерактивті 3D моделі бар.

Антон Попов шығармашылық жобаларды іске асыру үшін гранттар алуға арналған республикалық байқаудың жеңімпазы атанып, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен идеясын жүзеге асырды.

Суретші енді археологиялық ескерткіштердің 3D модельдерін жасауды жоспарлап отыр.

Түсініктеме қалдыру