news-img

Жүзеге асырылған ондаған білім беру мен әлеуметтік жобалар және оған тартылған мыңдаған қазақстандық – бұл Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2023 жылғы жұмысының нәтижесі.

Қор үшін 2023 жыл серіктестердің белсенді араласуымен маңызды жобалар іске асырылған тағы бір белес болды. 

Оларды жүзеге асыруда орталық атқарушы органдар, өңір әкімдіктері, үкіметтік емес ұйымдар және жыл бойы ерекше қолдау көрсетіп, бұған бей-жай қарамаған көптеген адам қомақты үлес қосты.

 

БІЛІМ БЕРУ МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЫ

Қор жобаларының ауқымды бір бөлігі дарынды жастарды анықтауға, білім деңгейін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Жобаларды жүзеге асырудағы толайым табысқа нақты сандар мен көрсеткіштер айқын дәлел.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «El umiti» Корпоративтік қоры тек 2023 жылы «Qabilet» қызметі аясында 233 625 оқушының қабілеті мен құзыреті диагностикаланды, балаларға (5-14 жас) арналған диагностика және қабілетін дамыту бойынша 42 авторлық әдістеме, Будапештте, Чехияда және Сингапурде мектеп психологтарын оқыту үшін 3 оқыту курсы әзірленді.

«El Umiti» КҚ табысты қызметінің арқасында дарындылық пен талант бойынша 2 халықаралық қауымдастыққа кірді.

«Smart Ustaz» жобасы бойынша 8000 педагог ХХІ ғасырдың заманауи дағдысын меңгерді.

8 196 оқушы «El Umiti Talent» республикалық олимпиадасына қатысты.

«El Umiti Премиясы» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша 500 қатысушы өзін-өзі дамытуға қолдау алып, мақсатына жетуді үйренеді. Сонымен қатар, 21 қатысушы 500 мыңнан 2 млн. теңгеге дейін білім грантын иеленеді.

«El Umiti» Қорының тағы бір жобасы – «Birge Оqy» онлайн мектебі» платформасы еліміздің үздік мектептерінің (НЗМ, РФММ, ҚТЛ) мұғалімдерімен ауыл мектебінде оқитын 8 982 оқушының математика, ана және ағылшын тілінен білім алуына жол ашты.

Төл тарих туралы білімді бекітіп, көшбасшылық қасиетті қалыптастыратын «Тәуелсіздік дәуірі» зияткерлік ойыны үлкен қызығушылық тудырды. 30 мыңға жуық оқушы ойын ойнады. Бұл ойыннан Республикалық олимпиада өткізіліп, оған 14-18 жастағы 1133 оқушы қатысты.

«El Umiti» КҚ Kazakhstan Sociology Lab әлеуметтанушылар мектебі 50-ден астам жас әлеуметтанушыны, саясаттанушыны және т.б. сарапшыларды деректерді жинау мен талдаудың заманауи әдістеріне баулыды. Мектеп ҚР Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп 32 команданың қатысуымен зерттеу ХАКАТОНЫН өткізді.

Жыл сайын ата-аналар тарапынан «Мың бала» ауыл оқушыларына арналған Ұлттық олимпиада зор қызығушылық тудырады. 2023 жылы оған 661 000-нан астам оқушы қатысты. Ауылдан шыққан 4 мың бала алғаш рет республикалық деңгейдегі олимпиаданың жеңімпазы атанды. Оның 1 374-і дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылданды.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жас «Debat Eli» жобасына қатысты. Оның аясында «International Еl UmitiCup» халықаралық турнирі (Орталық Азия елдерінен 140 өтінім), оқушылар арасында «El Umiti CUP» республикалық пікірсайыс гранд турнирі (270 қатысушы), «Tungysh CUP» студенттер арасында республикалық пікірсайыс гранд турнирі (220 қатысушы) және т.б. өткізілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атаулы шәкіртақысы білім алуға деген құлшынысты арттырып келеді.  2023 жылы 80 адам Қордың стипендиаты атанды, оларға 2023-2024 оқу жылында студенттік стипендия төленеді.

«Ozyq urpaq» жобасы аясында Ақтау, Қостанай және Қызылорда қалаларынан 800-ден астам оқушы робототехника курстарынан өтіп, ал осы қалалардың ұстаздары өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыр. Алты ай бойы мұғалімдер балаларға инженерия, электроника және бағдарламалау туралы білім береді. Факультативтер өткізгені үшін мұғалімдерге Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан ақша төленеді.

 

ИНКЛЮЗИЯДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Бүгінде ерекше қажеттілігі бар балалардың өмірінде маңызды рөл атқаратын Қордың аса маңызды жобасының бірі«Қамқорлық».

«Қамқорлық» – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Оны «Қамқорлық» Қоры Samruk qazyna Trust пен «Қазақстан халқына» Қорымен бірігіп жүзеге асырады. Бастама инклюзивті инфрақұрылымды дамытуға, балаларды оңалтуға бағытталған. 2023 жылы 6 ерте араласу орталығы, аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған 5 орталық ашылды.

2023 жылы ашық оңалту және ерте араласу орталықтарында ерекше қажеттілігі бар 14 847 бала оңалту курсынан өтіп, оның 968-і емдеуден кейін жүре бастады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 182 бала 16 қолдау кабинетінің арқасында үйде оқудан жалпы білім беру үдерісіне біріктірілді. Аутизммен ауыратын 440 бала орталықтарға барады.

Үш жыл ішінде 15 оңалту орталығы мен 7 ерте араласу орталығы ашылды.

Ерекше қажеттілігі бар балалардың қабілетін дамытуды қолдап, Қор Семейде «Аман келешек» фестивалін өткізді. Оған балалар үйлері мен әлеуметтік мекемелердің 500-ден астам тәрбиеленушісі, сонымен қатар, Абай облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары қатысты. Барлығы 35 мекеме ұсынылды. Балалар мен ата-аналар шеберлік дәрістеріне, тренингтер мен воркшоптарға  қатысты.

Ал Қонаев қаласында еліміздің 8 өңіріндегі ерекше қажеттілігі бар 180 балаға арналған жарыс ұйымдастырылды.

 

ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ҚОР ҮШІН БАСЫМ БАҒЫТ

2023 жылы ҮЕҰ да қолдау көрсетілді. Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі аясында 2023 жылы 150-ден астам ҮЕҰ жобасын ұсынды, оның ішінде 11 ҮЕҰ жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы үш миллион теңгеге дейін грант алды.

Шығармашылық жобаларға арналған гранттар байқауының қорытындысы бойынша 170 өтінімнен өз жобасын іске асыруға 9 грант алушы (2 000 000 теңгеге дейін) іріктелді.

Бұған қоса, облыстарда жұмыс істейтін 6 ҮЕҰ өңірлерде Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндерін өткізу кезінде қаржылай қолдау алды.

2023 жылы «Qolqanat» қайырымдылық жобасын жүзеге асыру жалғасын тапты. Қазақстанның 16 өңірінен 1600 аз қамтылған отбасы азық-түлік пен гигиеналық тауарлар алды.

«Астана клубының» VII отырысын өткізу ауқымды оқиғаға айналды. АҚШ, Қытай, Ресей, Испания, Бельгия, Үндістан, Түркия және т.б. елдерден 40-қа жуық спикер жаһандық үрдістерге талдау жасап, қазіргі заманның ең өзекті мәселесін шешу туралы пікір білдірді.

Қордың осы және басқа да көптеген жобасы еліміздің мыңдаған жаңа дарын иесін анықтап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік берді және Қазақстанның оң имиджін нығайтуға ықпал етті.

Бұл Қор жобаларының басты құндылығы.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры бірқатар нысанды мемлекет пайдасына беру жөніндегі жұмысты аяқтады. Мәселен, Алматыдағы М.Ганди көшесіндегі әкімшілік ғимарат, Қазақ радио телеорталығының аппараттық-студиялық кешенінің ғимараты, «Астана» телеарнасы, Түркия Республикасындағы «Алатау» қонақ үйі, Астана қаласының су-жасыл бульварындағы «Amanat» партиясының орталық аппаратының ғимараты, Алматы қаласындағы спорт-жаттығу кешені, қонақ үйлер, резиденциялар және т.б. нысандар мемлекетке берілді, сонымен бірге, Президенттік орталықтың жұмыс істеуі үшін Астана қаласындағы Тұңғыш Президент музейінің ғимараты.

Жоғарыда аталған мүлік кешенді қайта жаңарту мен күрделі қайта құрудан өтіп, нысандардың бір бөлігі озық заманауи техникамен және жабдықтармен қосымша жарақтандырылды.

Мемлекет балансына берілген нысандардың жалпы құны 250 млрд. теңгеден асады.

Қабылданған шаралар бюджет шығындарын азайтуға, сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев бастамашылық еткен әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға бағытталған.

Қазір Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметін қамтамасыз ету, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жеке архиві мен жеке кітапханасы үшін Астана қаласындағы «Назарбаев Орталығы» ғимараты пайдаланылады.

Түсініктеме қалдыру