news-img

Біліп отырғандарыңыздай, бүгін шығармашылық адам жайлы айтамыз. Шымкенттік Сымбат Сейдуәлі білім басқармасының музыкалық колледжінде «Музыка теориясы» және «Қазақ халық аспаптары» мамандығы бойынша оқиды.

Музыкалық бағыттағы дамумен қоса, Сымбат сурет салады, спортпен шұғылданады. Сурет салу оған қиял мен шығармашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Спорт дене шынықтыру ғана емес, сонымен қатар тәртіпті, табандылық пен ерік-жігерді дамытуға көмектеседі. Екі хобби де оған шабыт, қуаныш, ләззат сыйлайды.

- Мен аспаптағанды ұнатамын. Аспаптау – бұл әртүрлі аспаптарға арналған музыканы өңдеу және оркестрге лайықтау. Мұны өте жақсы көремін, өйткені бұл менің музыкалық әлеуетімді ашуға мүмкіндік беретін шығармашылық әрі шабыттандыратын үдеріс, - дейді Сымбат Сейдуәлі.

Мектеп кезінен бастап ол сан түрлі олимпиада мен жарысқа қатысқанды ұнататын. Колледжге түскенде де сол қалпынан айныған жоқ. Сымбат шығармашылық жобаларда жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.

- Мен музыкамен айналысамын, өйткені бұл мен үшін хобби ғана емес. Мен үшін музыка – бұл эмоцияны, ойды және идеяны дыбыстар арқылы білдірудің тәсілі. Шығармашылық маған айналамдағы әлемге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Музыка жазу барысында шабыт алып, өзімді еркін сезінемін, - дейді Сымбат.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясын мектепте оқып жүргенде білген. Сол кезде Сымбат байқауға қатысудың арқасында шәкіртақы иеленуді, мүмкіндігін білу, өзінен жаңа қасиет табуды мақсат тұтқан.

Стипендия ең әуелі бір жылдық еңбектің нәтижесі емес екенін атап өтті, бұл оған үздік студенттің бірі әрі болашақта өз ісінің білікті маманы ретінде танылуға мүмкіндік береді.

Түсініктеме қалдыру