news-img

Таисия отбасымен өнерлі, музыкаға жақын. Әжесі, анасы және сіңлісі музыка мектебінде фортепианодан сабақ береді. Әкесі бала кезінде баянда ойнаған, музыкадан хабары бар. Мұның бәрі біздің стипендиатымыздың болашақ мамандығына әсер етті.

Таисия Войтова Дина Нұрпейсова атындағы «Халықтық музыкасы академиясының» музыка колледжінің төртінші курсында «Аспапта орындаушылық (фортепиано)» мамандығында оқиды.

-Фортепианода ойнағанды ұнатамын. Классикалық, танымал, джаз музыкасын тыңдағанды жақсы көремін. Концерттер мен байқауларға қатысу шабыт береді, биік белестерге жетуге ынталандырады. Театрға, концерттерге барып, шығармашылық жайлы жаңа нәрсе білуге тырысамын. Мәскеудегі Үлкен театрындағы Дж.Верди «Травиата» операсы үлкен әсер қалдырды. Скрипкада да ойнай аламын, - дейді Таисия Войтова.

 Дарынды қазақстандық «Жадыра, жас Дарын» І республикалық байқау-фестивалінің Гран-приімен, «Ақ сұңқар» халықаралық байқауында І орын, «Шаттық» облыстық байқауында І орын, «Grand prix de peinture du monde»халықаралық байқауында (Париж) І орын, Гнесиндер атындағы І Мәскеу халықаралық пианистер байқауының финалисінің грамотасымен және т.б. марапатталған.

Таисия атап өткендей, Қордың шәкіртақысы үлкен қаржылай қолдау. Бұл қаржы жеке және кәсіби өсуге қажетті шетелдік байқауларға қатысуға көп көмегін тигізеді.

- Мен жастарға табанды болуға, ешбір қиындыққа қарамастан, мақсатқа жету керектігін үнемі айтамын. Еселі еңбек елеусіз қалмайды. Қателесуден қорықпаңыз! Бұл босқа отырмай, өзіңізбен жұмыс істегендігіңізді көрсетеді. Барлығыңызға жетістік, шығармашылық шабыт пен жеңіс тілеймін!, - дейді Таисия.

Түсініктеме қалдыру