news-img

Елімізде өзінің жобасы арқылы қазақстандықтардың өмірін жақсартатын көптеген коммерциялық емес ұйым жұмыс істейді. Мұндай ҮЕҰ-лардың көпшілігінде үлкен ресурс, штат, мүмкіндік, бедел мен танымалдылық жоқ, бірақ бұл олардың қоғамның дамуына қосқан үлесін жоққа шығара алмайды.

Олардың жобаларын анықтау және қолдау – біздің жылдар бойғы басты міндетіміздің бірі. Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы оны сәтті шешуге көмектеседі. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстандықтардың білімін арттыру — әл-ауқаттың өсуіне жол» деп аталатын жәрмеңке биыл 20-шы рет өтіп жатыр.

Халықтың білім беру құзыретін арттыру сауаттылықты дамытуда және теңсіздікті төмендетуде маңызды рөл атқарады. Сауаттылық елдің даму деңгейінің негізгі көрсеткішінің бірі, ол экономикалық ахуалды жақсарту, кедейлік деңгейін төмендету, демократия мен азаматтық қоғамды нығайту, қоғамның әлеуметтік дамуы сынды түрлі саладағы прогреске ықпал етеді.

Байқау үш номинация бойынша өтеді:

  • «Қаржылық сауат ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде».
  • «Азаматтарды жұмыспен қамтудың өсуінің маңызды факторы ретінде жаңа технологияларды игеру және практикалық дағдыларды дамыту».
  • «Жеке өсу үшін білім беру құзыреттілігі».

Өтінім 15 сәуірге дейін қабылданады. Сосын комиссия үздік 50 жобаны анықтайды, олардың авторы әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде оны қорғайды. Жеңімпаздар білім беру саласындағы қоғамның міндеті мен мәселесін шешу үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грантын иеленеді.

Байқаудың толық шартын осы парақшадан біле аласыз.

Барлық үміткерге сәттілік тілейміз!

Түсініктеме қалдыру