news-img

София Мельник Narxoz университеті «HR және бизнесті жоспарлау» мамандығының төртінші курсында оқиды. Ол IT, жасанды интеллект пен технологиялық жаңалықтарға қызығады. Бойжеткен өзінің еңбек жолын технологиялық саламен байланыстырады. Ол үшін бағдарламалау тілдерін қолдану мүмкіндіктерін, пайдаланушы интерфейстерін, ІТ-де бизнес жүргізу ерекшеліктерін, өнімді және жобалық менеджментті қосымша зерттеп жатыр.

Софияның айтуынша, мектеп қабырғасында жүргенде бірде-бір олимпиаданы немесе байқауды қалт жібермеген. 10-сыныпта елдегі ең беделді олимпиада - «Дарын» РҒПО оқушыларының республикалық олимпиадасында орыс тілі мен әдебиеті бойынша абсолютті жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, DKU Speech contest «Speak your mind» халықаралық байқауында 1-орын және «Startup project – environment and sustainable development» экологиялық стартаптар байқауында жеңіске жетті.

- Университетте бизнес мамандығы бойынша оқып жатырмын, сондықтан қазір бизнес-кейстерді шешу, кейс-стади жазу бойынша чемпионаттарға көп көңіл бөлемін. Командамен «Сrack it» кейс-чемпионатының жеңімпазы болып, Еуразиялық банктің кейс шешімінде бірінші орынды иелендік. «SDU HR Forum» аясында кейс-чемпионатта жеңіске жетіп, командамен бірге ақшалай сыйлық алдық. Бұл жеңіс бізге барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып, университетте шынымен сапалы бейіндік білім алғанымызды көрсетті, - дейді София Мельник.

Стипендия туралы оның иегері атанған досынан біліпті. София өтінімді өткізу мерзімін өткізіп алмас үшін Қордың Instagram парақшасындағы жазбаларын қадағалап отырған.

- Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы бұл менің біліміме демеушілік ету, өйткені еліміздің үздік экономикалық жоғары оқу орнында сапалы жоғары білім алып жатқан Алматыда өмір сүруге кететін шығын өте жоғары. Сондай-ақ, бұл сома ғылыми қызметке байланысты шығынды жабуға көмектеседі, - дейді біздің стипендиат.

«Қазір өмірлік жолын бастап жатқандардарға егер таңдаудан қателессеңіз, шешіміңізді өзгертуден, өзіңізді сынап көруден қорықпаңыз», - деп София замандастарына кеңес береді.

Түсініктеме қалдыру