news-img

Астанада 2024 жылдың 15-17 мамыр аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Astana IT University-де 2024 4th IEEE Smart Information Systems and Technologies (2024 IEEE SIST) халықаралық конференциясы өтіп жатыр.

Интеллектуалды ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша IEEE 4-ші халықаралық конференциясы алыс-жақын шетелдегі IT-индустриясының түрлі саласындағы ғалымдарды, бизнесмендерді, зерттеушілерді, мамандар мен студенттерді біріктіретін Қазақстанның ғылыми қоғамдастығындағы маңызды оқиға.

Конференцияда мынадай зерттеу бағыттар қамтылады:

1. Технологиялық және инженерлік менеджмент.

2. Білім беру мен зерттеудегі IT.

3. IT қосымшалар саласындағы жаңа үрдістер мен технологиялар.

4. Деректер туралы ғылым және кеңейтілген аналитика.

2024 IEEE SIST конференциясының материалдары Scopus және IEEE Explore ғылыми дерекқорында индекстеледі.

Жыл сайын ғылыми ортада және студент жастар арасында бұл конференцияға қызығушылық артып келеді. Биыл оған 14 елден (Түркия, Чили, Украина, Бразилия, Малайзия, АҚШ, Үндістан, Бангладеш, Алжир, Иордания, РФ, Ұлыбритания, Қырғызстан және т.б.) 1000-нан астам қатысушыдан 262 мақала (Қазақстаннан - 166, шетелден – 96) жіберілді.

Пленарлық сессияға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Назарбаев Университетінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының және т.б. өкілдері қатысады.

Спикер ретінде Түркия, Украина, Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Қытай, АҚШ, Иран, Вьетнам және Қазақстан ғалымдары сөз сөйлейді.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілде айында Н.К.Жақиевтің төрағалығымен IEEE Kazakhstan Computational Intelligence & Robotics and Automation Joint Societies Chapter құрылды.

IEEE жұмысына студенттерді тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2023 жылдың қыркүйегінде Astana IT University-де IEEE студенттік бранч құрылды.

Түсініктеме қалдыру