Президенттік орталықта Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік қойылым ұйымдастырылды
29.05.2024 ·
11:22
Бөлісу

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Астана қаласының Президенттік орталығында 600-ден астам балаға арналған мерекелік бағдарлама өткізілді.
Балалар мен олардың ата-аналары «Ұр, тоқпақ» театрлық қойылымына, көңілді викториналар мен ұзын бойлы қуыршақтардың би шоуларына куә болды.
Іс-шара соңында балаларға балмұздақ таратылып, дамытушы ойыншықтар сыйға берілді.