news-img

Ерболат Болатов Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Тарих» факультетін бітірген. Тарихи зерттеуге, саясат, демография мен археологияға қызығады. Спортпен де шұғылданады. Биыл Сочи қаласында өткен Дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысқан, білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД-ның үздік студенті-2023» медалімен, сондай-ақ I дәрежелі дипломмен марапатталған. Патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Қазақстан патриоттары» қоғамдық медалімен марапатталған. Барнаулдағы түркітанушы және алтайтанушы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі.

Ерболат Болатов – ҚР Президентінің стипендиясының, DAULETTEN қорының және Юмаш Увалиев атындағы шәкіртақының иегері.

- Тарихқа қызығатындықтан, тарих ғылымымен айналысамын. Ол біздің өткенімізді, бүгінімізді және болашағымызды түсінудің кілті. Тарихты зерттей отырып, өткен дәуірлер әлеміне саяхаттап, қоғамның қалай қалыптасқанын, оларды қандай идеялар мен құндылықтар қозғағанын, өткеннен қандай сабақ алуға болатынын түсінеміз. Тарих бізді таң қалдырудан жалықпайтын даналық пен білімнің қайнар көзі. Ол мені ғылыми жаңалықтар ашуға және өткенді танып-білуге жетелейді, – дейді Ерболат Болатов.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы тек қаржылай көмек емес. «Бұл шәкіртақы маған сенімділік ұяталып, қабілетіме сенуге мүмкіндік берді. Әрі мақсатыма жетуіме қолдау көрсетеді», – деді ол.

Ол студенттер мен жас ғалымдарды әлемде болып жатқан өзгерістерді зерттеумен қатар, оларды қалыптастыруға шақырады.

- Әлем сізден өзгеріс күтеді! Болашақ сіздің қолыңызда, болашақ сізге байланысты. Армандаудан қорықпаңыз, нақты мақсат қойыңыз және кедергілерге қарамастан дамуды тоқтатпаңыз. Энергияңыз, шығармашылығыңыз және әлемге деген ерекше көзқарасыңыз – бұл жарқын болашақ құруға қажет нәрсе. Әлемді өзгертуден қорықпаңыз және оны өзіңізден бастаңыз, - дейді біздің стипендиат.

Түсініктеме қалдыру