news-img

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты Ұлданай Шоңай Маңғыстау өнер колледжінде “Оркестр артисі, балалар музыка мектебінің оқытушысы” мамандығында “Прима қобыз” аспабында оқиды. Бойжеткен бос уақытында шығармашылықпен айналысады. Тоқыма тоқып, кітап оқиды. Колледжде оқып жүріп, республикалық "Қобызшылар чемпионаты" сайысынан І орын алған. 

“Байқау - бағың мен бабыңды қатар алып, өзіңнің шеберлігіңді сынау мен бағалаудағы керемет мүмкіндік деп есептеймін. Мен шығармашылықпен неліктен айналысудамын? Оған түрткі, өз болашағымды осы салада тапқандаймын. Ертеңгі күнім үшін еңбектенемін”, - дейді Ұлданай Шоңай.

Ұлданай бұл шәкіртақы туралы жоғары курс студенттерінен біліп, өзінің бағын сынамақ болған. Стипендиат еңбегінің еш кетпегеніне қуанады. Жетістіктің кілті - еңбекте, 99% еңбекте деп санайды. 

“Қор стипендиясы мен иеленген жетістіктердің шыңы. Мен үшін бұл "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағы іспетті. Ұйқысыз түндер, сағаттап дайындықтар, үлкен жетістіктерге жеткенім, Қор стипендиаты атануым еңбегімнің бағаланғаны деп білемін”, - дейді стипендиат.

Түсініктеме қалдыру