Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2024-2025 жылдағы стипендиаттары: республикалық байқау қорытындыланды
Нұрсұлтан Назарбаев Қорында 2024 жылы 30 сәуір мен 10 шілдесіне дейін өткен республикалық студенттік стипендиялар байқауының қорытындысы жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, байқау 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді, оның мақсаты жоғары және орта арнайы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерін оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшін ынталандыру. Осы уақытқа дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 959 студент Қордың атаулы стипендиясының иегері атанды.
Биыл стипендиялық бағдарламаға Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 224 адам қатысты. Байқау шартына сәйкес, 40 студент жеңімпаз деп танылды. Жаңа оқу маусымы барысында олар ай сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 40 000 теңге көлеміндегі шәкіртақысын алады.
Стипендиаттарды іріктеудегі негізгі критерийлер жылдағыдай өзгеріссіз. Олар жоғары академиялық үлгерім, қоғамдық пайдалы істерге атсалысу, ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысу, шығармашылық даму, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулар мен жобалардағы жетістіктер.
Жеңімпаздардың аты-жөнін төмендегі материалдарынан көре аласыздар. Стипендиаттарды марапаттау рәсімінің күні мен орны туралы қосымша хабарлаймыз.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және мұнымен тоқтап қалмауға тілектеспіз!