news-img

Республика сарайының сахнасында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірлесіп ұйымдастырған «The Planet of ART-2019» халықаралық фестиваль – байқауының жабылуы өтті.

Осы жылы жоба вокал, аспаптық және хореографиялық өнер номинациялары бойынша Орта Азия мен Ресейдің 12-17 жас аралығындағы 3500-ден астам баланы қамтыды. 1 ақпаннан 1 мамырға дейін қатысушылар өздерінің жан-жақты қабілеттерін көрсете отырып, онлайн-іріктеу кезеңінен өтті.

Қатысушылар санының көптігіне қарамастан, олардың барлығы, соның ішінде қоғамның әлеуметтік осал топтарындағы жастарға өздерінің дарындарын көрсетуге және Қазақстанның жетекші өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеуге тең мүмкіндік алғандығын атап өту қажет.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 16 ең жарқын халықаралық финалистер анықталды, олар ақтық кезең - жобаның финалына жолдама алды.

«The Planet of ART-2019» фестиваль – байқауы финалының шарықтау шегі ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген қатысушылар Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.В. Беляковтың жетекшілігімен және еліміздің көрнекті әртістері - Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның; Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық консерваториясының профессоры Айгүл Үлкенбаеваның және ерекше дауысымен жарқыраған Қазақстан ЮНЕСКО клубының елшісі — әнші Данэлия Төлешованың қолдауымен өз шығармашылық нөмірлерін ұсынды.

Қазылар алқасы фестиваль жеңімпаздарын анықтады. Олар:

1) вокалдық номинация – Анна Чечерина (Ресей).

2) хореографиялық номинация - Абай Юсупов (Қазақстан).

      1. аспаптық номинация - Азиза Орузбаева (Қырғызстан).

Олар Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының мен «Eurasian Resources Group» (ERG) компаниясынан шетелдік жетекші шығармашылық мектептерде мәдени – білім беру бағдарламаларына қатысуға өз сыйлықтарын алды.

 

Алматы қаласы әкімдігінің арнайы сыйлығы Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы – Эрнар Құрмашевтің қолынан Санжар Сағындықов (Қазақстан) алды.

Барлық финалистер бағалы сыйлықтар мен халықаралық деңгейде танылған дипломдарға ие болды, ал ең бастысы – ұмытылмас әсер мен тәжірибе алды.

- Бұл жоба тек қана әлеуметтік сипатқа ие, сәйкесінше іріктеу мен бағалау барысында біз шалғайдағы аймақтар мен ауылдық жерлердегі балалар мен жастарға олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және халықаралық аренада қатысушы елдер мәдениетінің алуан түрлілігін танымал ету үшін ең жақсы жағдай жасау мақсатында ерекше көңіл бөлдік. «The Planet of ART-2019» фестиваль – байқауының интернационалдық атмосферасында біздің финалистер өздерінің достық қарым — қатынастарын нығайтты, бұл біз үшін өте маңызды, өйткені олар дайындық барысында бастан кешкен тамаша сәттер туралы жарқын естелікті сақтап, бейбітшілік пен тату көршілік, рух бірлігінің идеалдарын түсініп, олардың әрқайсысын жеңімпаз деп санайтын баға жетпес тәжірибе жинақтады, - дейді Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Президенті Ақшолаков Болат Оралұлы.

— Мен өз тәлімгерлерімнің еңбекқорлығы мен кәсібилігінің арқасында жеңіске қол жеткізгеніме сенемін. Жеңіс мен үшін осы жарқын эмоциялар мен достарым, осы жерде кездестірген пікірлестер сияқты маңызды емес еді. Мен хореографиялық салада дамуды шындап жоспарлап отырмын, The Planet of ART-2019 маған жаңа күшпен ашылуға көмектесіп, мені жеткен жетістіктерімен тоқтамауға түрткі болды, – деп «Хореографиялық өнер» номинациясының жеңімпазы, қазақстандық Абай Юсупов өз әсерлерімен бөлісті.

- Ертең бәрі артта қалатынына және бізге сонша махаббат, шабыт және жан жылуын сыйлаған жобамен қоштасатынына мен сене алмаймын!  Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын, өйткені мен осы жолды ұзақ жүріп, үш аспапта ойнадым: қобыз, чопо чоор және домбыра. Келесі жылы да «The Planet of ART» оралып, ұйымдастырушылармен, педагогтармен, тәлімгерлермен және еріктілермен қайта кездескім келеді. Олардың барлығына біздің жүрегімізде жасаған ғажайыптары үшін рахмет, – дейді «Аспаптық өнер» номинациясының жеңімпазы, Қырғызстаннан келген Азиза Орузбаева.

Фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің, жобаның бас серіктесі – Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Медиа жаңалықтар
Түсініктеме қалдыру