Startup Academy білім беру жобасы қорытындыланды
![news-img](https://ff.fnn.kz/ycosuyki/cwuagmcc/kuquisga/80cd56bc2676abd837c388a79d467b6067a2291430bbd.jpg)
Жастарды жаңа прогрессивті білім алуға ынталандыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты әрі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жұмысының басымдықтарының бірі.
Бүгін Demo Day жеңімпаздарын және Startup Academy Astana Hub курсының түлектерін марапаттау рәсімі өтті.
Startup Academy – Astana Hub білім беру платформасына негізделген технологиялық кәсіпкерлікке арналған білім беру курсы. Курс технологиялық кәсіпкерліктің негізгі білімін береді және Lean Startup («берекелі стартап») әдістемесі бойынша стартапты кезең-кезеңімен құруға көмектеседі.
Негізгі идея – жаңа өнімдерді шығару кезіндегі шығындар мен тәуекелдерді азайту, гипотезаларды нарықта тексеру және мүмкіндігінше тезірек кері байланыс алу жылдамдығын арттыру.
Astana IT University студенттері бұл курсты 3 ай (2024 жылы қазан-желтоқсан) тегін оқып, стартаптарын көрсетті. Жобаға қатысушылардың әрқайсысы курсты аяқтағаны туралы сертификат алды. Бұл болашақта стартаптарды одан әрі дамыту үшін инкубаторлар мен акселераторға қатысу үшін үлкен артықшылық береді.
Студенттердің идеясы маңыздылығы, бірегейлігі, әлеуеті және т.б. критерийлер бойынша бағаланды.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын – «Foodsave» (СЕО: Арсен Әлиев, Бехруз Тоқтамышов, Бақтияр Атығаев, Томирис Жүсіпова, Әнел Молдаш, Теймур Қисаев, Денис Шин);
- 2 орын – SARQYT (СЕО Ақбар Ерғалиев, Әсел Исатаева) ;
- 3 орын – «AI based digital marketing system» (СЕО: Айат Мергенбай) және Apply (СЕО: Мадияр Сарбаев, Әмір Аленов, Владислав Куценко, Артем Кармыков).