news-img

Бүгін Алматыда Тұңғыш Президент Қоры мен «NurOtan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының филиалы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қордың Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаровтың пікірінше, бұл құжат жастарды ел өмірінің әлеуметтік, экологиялық және басқа салаларына біріктіруге бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.

Кездесу барысында тараптар нақты іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, дөңгелек үстелдер, семинарлар, вебинарлар, конференциялар, экологиялық саяхаттар, марафондар, шеберлік сабақтар мен қазақстандық жастарға арналған байқаулар туралы сөз болды.

— Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры өкілдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою — біздің «Jas Otan» Жастар қанатының филиалы үшін маңызды оқиға. Әріптестігіміз нығайып, нәтижелі болатынына сенімдіміз. Біздің ортақ мақсатымыз-талантты жастарды Елбасы идеяларының төңірегінде біріктіру. Меморандумға Жастар жылы және еріктілер жылы қарсаңында қол қойылғаны өте маңызды, — деп атап өтті «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.

                                                                               

Сондай-ақ, Қор мамандары жыл соңына дейін Алматыда өтетін ауқымды іс-шаралар туралы айтып берді. Олардың арасында «Аман келешек» шеберлік сабақтарының инклюзивті балалар мәдени-спорттық фестивалі және «ЖасSTAR» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі. Бұл жобалар бәсекеге қабілетті ұлттың тұрақты дамуына ықпал ететін Елбасының Қоры жарқын шараларының бірі болып табылады.

 

 

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының

 Қоры баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы PR-менеджері Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz

 www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру