news-img

«Smart City» республикалық инновациялық жобалар байқауы қорытындыланды. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Astana IT University ұйымдастырды.

Қазақстанның 11 өңірінен 57 команда финалға өтті.

25 команда үздік атанды. Олар ЖОО-да оқуға арналған бас жүлде – ректор грантын ұту үшін бақ сынасты. Университет барлығы 14 грант бөлді.

«Smart City» байқауы жай ғана сайыс емес, ол Қазақстан қалаларындағы өмірді өзгертуге қабілетті тың идеялар ұсынылатын алаңға айналды. Қатысушылар экология, баламалы энергетика, қауіпсіздік, инклюзия, смарт ауыл шаруашылығы және қалалық ресурстарды басқару сияқты негізгі салалар бойынша шешімдер ұсынды.

Байқауға қатысу арқылы жастар құнды тәжірибе жинақтап, жаңа білім алады.

Бөлісу