news-img

29 мамыр күні «Қазіргі әлемдегі жастар мен жасөспірімдерді қолдау: сын-қатерлер мен шешімдер» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, азаматтық белсенділерге және қоғамдық маңызды жобаларды неғұрлым тиімді, тұрақты әрі танымал еткісі келетін барша жанға арналған онлайн тренингтер өтеді.

Сіздерді не күтеді?

13:30 (қатар өтеді):

   • ҮЕҰ-ның тиімді баспасөз қызметі және БАҚ-пен жұмыс

ҮЕҰ қайтсе көзге түседі? PR құралдарын меңгеріп, БАҚ және блогерлермен дұрыс қарым-қатынас орнатуды, түсінікті баспасөз хабарлама жазуды және коммуникация арқылы сенім орнатуды үйренеміз.

Спикер: Сәуле Алпыспаева — Sector X инклюзивті радиосының бас продюсері, журналист, тәлімгер.

   • ҮЕҰ-дағы корпоративтік этика және команда құру

Нақты өзгеріс командадан басталады. Ұжым ішінде сенім мен адалдықты қалай қалыптастыруға болатынын, мүдделер қақтығысынан қалай сақтануға болатынын және ішкі мәдениетті қалай нығайту керектігін талқылаймыз.

Спикер: Қайыржан Әбдіхалықов, «Алматы қаласының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті, ҚБТУ профессоры, Алматы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, кәсіби жаттықтырушы.

15:00:

   • Әлеуметтік технология ретіндегі адвокация: мемлекеттік органдармен тиімді жұмыс

Шынайы өзгерістерге қалай қол жеткізуге болады? Мемлекетпен диалогты сауатты құруды, халықты тартуды және нәтижелі науқан өткізуді үйреніңіз.

Спикер: Светлана Ушакова, «Инмир» қоғамдық қорының директоры, кәсіби жаттықтырушы, фасилитатор.

Неліктен қатысу керек?

Белсенді болу – жақсы, бірақ тиімді болу – маңыздырақ. Бастамаларыңыз шын мәнінде жұмыс істеуі үшін.

Жай белсенді емес, тиімді болу үшін. Бастамаларыңыз шын мәнінде жұмыс істеуі үшін. Өзіңізді жалғыз сезінбеу үшін – өйткені сіз секілділер қасыңызда.

Сілтеме бойынша тіркелу міндетті.

Қосымша сұрақ туындаса Алматының Азаматтық орталығына info@civilcenteralmaty.kz жазыңыз немесе +7 (727) 398 95 25, +7 708 188 81 68 (WhatsApp) телефон нөміріне хабарласыңыз.

Қатысу тегін. Елдің кез келген нүктесінен қосылып, кәсіби қауымдастықпен бірге дамыңыз!

 

 

Бөлісу