news-img

Жарқын болашаққа ұмтылған, мақсатшыл, ізденімпаз әрі шығармашыл «El Umiti» сыйлығының қатысушылары дәл осындай жас буын өкілдері.

 

Бүгін елордада аталған жоба мәресіне жетіп, ақтық сынның жеңімпаздары анықталды.

 

Биыл байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 пен 17 жас аралығындағы жас дарындардан бес жүзге жуық өтінім түсті. Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 252 жас үміткер жобада өнерін шыңдауды жалғастырып, олардың ішінен бар-жоғы 21 талант финалға жолдама алды.

 

Алғашқы кезеңде қатысушылар «Өзін-өзі дамыту» бағдарламасы аясында спорт, білім, еріктілік, экология және ұлттық мұра бағыттарында дамыды.

 

Финалда үздік жиырма бір жас өзекті әлеуметтік тақырыптарды қысқаметражды фильмдер арқылы көрерменге ұсынды. Қазылар алқасының ең жоғары бағасына қоғамды толғандырған мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің тың жолдарын көрсете білген жобалар лайық деп танылды.

 

Жас кинематографистердің туындылары адамдар арасындағы қарым-қатынастағы қиындықтар, артық жұмысбастылықтың аралас-құраластыққа тигізер кері әсері, жастардың әлеуметтік желі мен құмар ойындарға тәуелділігі секілді мәселелерді қозғады.

 

Іс-шара қорытындысында үздіктер төмендегідей анықталды:

 - I орын – Әділхан Әлішер. Жеңімпаз 2 миллион теңге көлеміндегі жүлде иеленді;

 - II орын – Исак Әлғазиз. Ол 1 миллион теңгелік сертификатқа қол жеткізді;

 - III орын – үш командаға бұйырды: Тұрдахын Әмина мен Орымбаев Дамир, Башенова Медина және Қаратаева Аяулым. Әр командаға 500 мың теңгеден табысталды.

Жас таланттарымызды құттықтай отырып, шығармашылық жолда жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

 

Бөлісу