Халықаралық ынтымақтастық: Корея
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры директоры Дариға Назарбаева Korea Foundation президенті Ли Сихёнмен кездесті.
Тараптар ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Өткен жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Korea Foundation арасындағы ғылыми-білім беру және мәдени-ағарту салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, екі ел мен халықтарымыздың бірлескен күш-жігерін ғылыми-техникалық дамудағы тығыз өзара әрекет ету сұрақтарында біріктіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум іске асырылып жатыр.
Кездесу «Корей түбегінің ядролық қарусыздануы. Қазақстанның жаһандық мәселелерді шешудегі антиядролық тәжірибесі» атты халықаралық дөңгелек үстел аясында өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен әлемдік экономика және саясат институты, Korea Foundation-мен бірлесе отырып, жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылау, Корей түбегіндегі заманауи дағдарыстың шешімін іздеу, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бірегей тәжірибесін зерттеу үшін ұйымдастырды.