Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Атырау облысындағы белсенді үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетті
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен оның серіктестері жүзеге асырып жатқан мазмұнды бағдарлама жалғасып келеді.

Бүгін Қор өкілдері аймақтағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті.

Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік маңызы бар жобалар жөнінде баяндап, осы бағыттағы қызметті қолдауға арналған қаржылай сертификаттарға ие болды.

«Болашақ К» қоғамдық қорына, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорына, «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі мен «Ой-сана» психологтар қауымдастығына қаржылай қолдау көрсетілді.

Аталған ұйымдар маңызды әлеуметтік бағыттарда еңбек етіп келеді: өмірінде қиындық болып жатқан жандарға психологиялық көмек көрсету, медициналық құралдармен қамту, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу және т.б. игі істермен айналысады.

– Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауы – бізге мұқтаж жандардың игілігі үшін әрі қарай еңбек етуге зор серпін береді, – деді «Ой-сана» психологтар бірлестігінің жетекшісі Ләйла Сұлтанбаева.