Өткен мен бүгіннің үндестігі: «Тамыр-Уақыт» көрмесі – ұлттық кодтың көрінісі
Тұңғыш Президент музейінде Камила Жапалованың «Тамыр-Уақыт» атты жеке көрмесі ашылды.

Камила Жапалова көптеген халықаралық көрме мен фестивальге қатысқан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

Тұңғыш Президент музейінде Камила Жапалованың «Тамыр-Уақыт» атты жеке көрмесі ашылды.

Көрме адам жанымен, ұлттық бірегейлікпен және уақыт ағымымен байланысатын көркемдік философияны бейнелейді. Экспозицияда автордың батик және кескіндеме техникасындағы 50 жұмысы ұсынылған, онда қазақ мәдениетінің дәстүрлі нақыштары мен символикасы қазіргі заманға сай жаңа бояумен көрініс тапқан.

Камила Жапалованың шығармашылығы арқылы ұлттық мәдени кодтың заманауи көркемдік пайымы көрерменге ұсынылған. Көрме өткен мен бүгіннің сабақтастығын, ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, ішкі үйлесімін және эстетикалық қуатын айқындайды.

Туындылары арқылы автор адамның рухани әлемін, ұлттық дәстүрлердің құндылығын көрсетіп, оларды қазіргі өнер кеңістігінде жаңа қырынан көрсетеді.

Айта кетейік, Камила Жапалованың «Тамыр-Уақыт» көрмесі «Диалог өнері» көрме жобасы аясында ұйымдастырылған. Жобаның мақсаты – креатив индустрияны дамыту және қолдау арқылы Қазақстанның мәдени мұрасын кеңінен насихаттау.

Көрмені көргіңіз келсе, 8 702 258 66 08 WhatsApp нөміріне жазыңыз.