Музей қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивіне жұмыс сапары
19.11.2025 ·
16:52
Бөлісу
«Тұңғыш Президент музейі» КҚ қызметкерлері Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінде жұмыс сапарымен болды. Сапар барысында тараптар архивтік құжаттарды қабылдау, тіркеу және ұзақ мерзімді сақтау, ғылыми-анықтамалық аппаратты қалыптастыру, сондай-ақ аудиовизуалды материалдарды цифрландыру технологиялары бойынша кәсіби пікірлер мен тәжірибе алмасты.

Жұмыс сапары кәсіби коммуникацияны күшейтіп, тәжірибе алмасу арқылы музейдің архивтік және ақпараттық-талдамалық қызметін жетілдіруге мүмкіндік берді.
