news-img

Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күні қарсаңында Музей «Тәуелсіздік шежіресі. 1 желтоқсан 2010 жыл» архивтік фотоқұжаттық көрмесін ұсынады.

 

2010 жылы Қазақстан ең ірі өңірлік ұйымдардың бірі – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті. Архивтік құжаттар мен деректерге негізделген көрме осы төрағалықтың тарихи мәнін және оған жеткізген негізгі кезеңдерді – егемендіктің жариялануын, Тәуелсіздік туралы заңнын қабылдануы, алғашқы  президенттік сайлауды және демократиялық даму бағытын – жинақы түрде көрсетеді. Бұл оқиға посткеңестік кеңістік пен Орталық Азия мемлекеттері үшін бұрын-соңды болмаған жетістік болды.

 

Көрмемен 2026 жылдың 20 қаңтарына дейін сағат 10-17 аралығында, дүйсенбі-жұма күндері танысуға болады.

Бөлісу