news-img

Үш күн бойы Астана, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар және Алматы қалаларындағы балалар музыка және өнер мектептері мен колледждерінің дарынды шәкірттері «JAZZ TIME ASTANA» республикалық джаз байқау-фестивалінде өнерін ортаға салды.

 

2026 жылы 27-29 сәуір аралығында Е. Рахмадиев атындағы Үлкен зал сахнасы джаз энергиясының, импровизация мен жарқын жаңалықтардың ордасына айналды.

Ауқымды жас орындаушылар байқауын Қазақ ұлттық өнер университеті Күләш Байсейітова атындағы оқу орны ұйымдастырып, оған Нұрсұлтан Назарбаев Қоры демеушілік қолдау көрсетті. 

Байқау джаз өнерінің дамуына, білім алушылар мен педагогтердің шығармашылық өсуіне, сондай-ақ білім беру мекемелері арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Байқауға 10 бен 19 жас аралығындағы 60 жас орындаушы қатысып, әлемдік джаз классиктерінің туындыларын шеберлікпен орындады. Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекше мәнерімен және интерпретациясымен дараланды.

Қатысушылар «Эстрадалық ән айту» және «Эстрадалық аспаптар» аталымдары бойынша сынға түсті.

Көрермен қауым сахнадан шынайы сезім мен жас өнерпаздардың үлкен өнер жолына жасаған алғашқы қадамын тамашалады. 

Қатысушылардың өнерін Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері мен тәжірибелі педагогтерден құралған жоғары кәсіби қазылар алқасы бағалады.

Бөлісу