news-img

Тұңғыш Президент музейінің «Тәуелсіздік дәуірінің тарихи-мемориалдық мұрасы және музейлер: XXI ғасырдың перспективалары» атты ғылыми жобасының қатысушылары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті ұйымдастырған «Жуасов оқулары – 30» конференциясына қатысты.

 

«Тарихи-мемориалдық мұра және жады институттары» атты панельдік сессия аясында тарихи жады мәселелері, оны сақтаудағы мемориалдық мұраның рөлі жөнінде пікірталастар өтті.

Делегация Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің жаңартылған экспозицияларымен танысып, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және таныстыру мәселелері бойынша кәсіби пікір алмасты.

Бөлісу