news-img

А.ж. 16 қыркүйегінде ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Ұлыбританиядағы өкілдігі Елбасының қарусыздану және таратпау саласындағы бейбіт бастамаларын талқылау бойынша Ұлыбританияның жетекші «ми орталықтары» өкілдерінің, екі ел сарапшыларының және академиялық орта өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Білетініміздей, ағымдағы жылдың 29 тамызында Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында Қазақстан астанасында Назарбаев Бейбітшілік сыйлығын тапсыру рәсімі өтті, оның барысында Н. Ә. Назарбаев жаһандық қауіпсіздік пен сенім шараларын нығайтуға бағытталған ядролық қаруды таратпау және қарусыздану мәселелері бойынша бірқатар жаңа тезистермен сөз сөйледі.

Лондондағы Қордың өкілдігінің қамқорлығымен өткізілген талқылау шеңберінде беделді британдық «ми орталықтарының» сарапшылары, Кембридж, Оксфорд университеттерінің, Лафборо және Лондондық Экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессорлары аталған бастамалардың қазіргі заманғы шынайы өзектілігін, сондай-ақ Қазақстанның бейбіт және қарусыздану идеяларын ілгерілетудегі жаһандық көшбасшылығын атап өтті.

Қатысушылардың алдында Елбасының таратпау және қарусыздану саласындағы бейбіт бастамаларының ретроспективаларын баяндай отырып, Ұлыбританиядағы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының өкілі Г. Бекенов және танымал қазақстандық суретші, ядролық қарусыз әлем үшін белсенді – Лондондағы ҚР Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған Біріккен Корольдікте сапармен жүрген АТОМ жобасының құрметті елшісі К. Куюков сөз сөйледі.

Бұрын Ұлыбритания Парламентінде өзінің ядроға қарсы тақырыптағы картиналарының көрмесін ашқан, Манчестер мен Эдинбургте кездесулер мен шаралар өткізген К.Куюковтың пікірінше, көпжылдық радиоактивті сынақтардан жапа шеккен Қазақстан халқы, соған қарамастан, бейбітшілік пен жасампаздыққа ұмтылысын жоғалтпаған және жаппай жоюшы қаруды тұрақты қабылдамауы арқылы барлық прогрессивті адамзат үшін үлгі болып табылады.

Дөңгелек үстел аясында танымал британ режиссері А.Сингердің «Куда дует ветер» («Where the Wind Blew») атты Қазақстан территориясындағы ядролық сынақ жарылыстарының салдары мен Н.Ә.Назарбаевтың сынақтарға тыйым салу және еліміздің тәуелсіздігі уақытында Семейдегі полигонның жабылуы туралы тарихи шешімі туралы фильмінің көрсетілімі өткізілді.

Түсініктеме қалдыру