news-img

Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенті Әдемі Қоңыратбай Қазақдағы дирижер-хоршылардың халықаралық конкурс-байқауының екінші дәрежелі лауреаты атанды. Оған қатысу үшін қазақстандық ару Тұңғыш Президент Қорынан трэвел-грант алған болатын.

Шығармашылық сайысқа Қазақстан, Ресей және Беларусьтен 60 жас дарындылар қатысты. Конкурс-байқау екі кезеңде өтті. Қатысушылардың өнерлеріне Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткерлері, өнертану ғылымының кандидаттары, қатысушы-мемлекеттердің шығармашылық оқу орындарының профессорлары мен доценттері баға берді.

Жеребе нәтижесі бойынша біздің отандасымызға Г.Хаслердің барокко дәуіріндегі «Меня ты разлюбила» туындысы түсті. 12 минут ішінде болашақ хормейстер ұжыммен кәсіби жұмыс көрсетуі тиіс болатын. Талантты Әдемі қыздың дирижерлығын әділ-қазылар жоғары деңгейде бағалады. Хорды дұрыс, белсенді әрі серпінді басқарғаны үшін музыкалық колледждің студентіне ІІ дәрежелі лауреат атағы берілді.

Мұндай деңгейдегі конкурстар студенттер үшін қажет. Шығармашылық қарым-қатынас аясы кеңейеді және біз үлкен тәжірибе аламыз. Конкурстар бізді ұйымдастырады, шабыттандырады, бізді аса сенімді және белсенді етеді. Әрбір конкурс- бұл «мектеп», оқушының әрі қарай өсі үшін жаңа белес. Мұндай жобалардағы жеңістерден кейін қанат біткендей болады және жаңа белестерді бағындырғың келеді,- деп өз әсерімен бөлісті Әдемі Қоңыратбай.

Айта кетерлігі, конкурстың салтанатты жабылу рәсімінде Әдемі Н.Г.Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының хорына дирижерлық ету жоғары құрметіне ие болды.

Біз Тұңғыш Президент Қоры грантының иегері Әдемі Қоңыратбайды осындай беделді конкурстағы жеңісімен құттықтаймыз және үлкен шығармашылық табыстар тілейміз. Сонымен қатар биылғы жылы біздің трэвел-гранттар конкурсымыз 30 қарашаға дейін созылғандығын естеріңізге саламыз.

 

ҚР Тұңғыш Президент Қорының баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру