news-img

            Бүгін Назарбаев орталығында «Nazarbayev Fund Schools Challenge» Республикалық конкурсының ақтық сыны өткізілді. Бұл конкурсты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан Республикасының әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК ҚР Әділет министрлігі, Назарбаев Университеті, ұлттық әуе тасымалдаушысы «Air Astana» АҚ, «Samruk-Kazyna Trust» АҚ және Крэнфилд (Cranfield University) франко-британдық ғылыми-зерттеу  университетімен бірлесіп үшінші рет ұйымдастырды.    

Жоба мектеп оқушыларының инженерлік-техникалық салаларына қатысты білімін тереңдетуге, көлік саласындағы зияткерлік меншік өнімдерін дайындаудағы  қызығушылығын жоғарлатуды көздейді.  

Ақтық іріктеу турниріне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР әділет вице-министрі Алмат Мадалиев, ҚР Ұлыбританияның Төтенше және өкілетті елшісі Майк Гиффорд, Назарбаев Университінің инновациялар бойынша вице-президенті Ерден Құсаин, «Samruk-Kazyna Trust»  әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының бас директоры Дияс Азбергенов,  Крэнфилд аэроғарыштық мектебінің өкілі, капитан Ян Холлингворт (Ұлыбритания),  конкурстың 2018 жылғы жеңімпазы Евгений Демиденко және «Air Astana» компаниясының өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Қордың ғылым мен инновацияға қатысты жастардың ілкімді жобаларын қолдаудағы рөлін атап өтті. «Бүгінде ел жастарының ғылымда болсын, инновацияларда болсын өз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай мен мүкіншіліктер саны толығып келеді. Осындай мүмкіншіліктердің бірі – Тұңғыш Президент Қорының «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсы. Оған мектеп оқушылары үлкен қызығушылық білдіріп қатысатыны қуантады. Осы өткізілген үш жыл ішінде конкурсқа елдің түкпір-түкпірінен 1500 жас өрен қатысты», - деді.

Конкурс екі кезең бойынша өткізілді: өңірлік және республикалық.

Биылғы жылы өңірлік таңдау барысында 100 команда (500 қатысушы) арасынан 17-cі (85 қатысушы) ақтық сынға жіберілді.

    Соңғы іріктеуге жеткендер бүгін өз жобаларын әділқазылар алқасына таныстырды. Олар жобалардың жалпы тиімділігін, идеяның мазмұндалуын, ағылшын тілін білу деңгейін бағалады.  

Қатысушылардың жұмыстары негізінен техника саласы мен инженерлік мамандықтарға арналды. Соның ішінде: көлік пен логистика, мұнай мен газ, машина құрастыру, сәулет өнері мен құрылыс, шикізатты бұрғылау мен өндіру, биотехнологиялар, химиялық өндіріс, IT, биотехнологиялар, робототехника және т.б.

Нәтижесінде үздік команда және финалға жеткен әр команданың екі мүшесі 2019 жылғы тамыз айында Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне бір аптаға барады.

Аталған оқу орны аэроғарыштық жобалау мен «жасыл» технологияларды дамытудағы дүниежүзіндегі белді университет болып табылады. Бұл біздің балаларымызға баға жетпес тәжірибе береді және идеяларын одан әрі дамыту үшін қолдау болмақ.  

Айта кетейік, былтырғы жылдардағы жеңімпаздар Қазақстан мен шет елдерінің үздік техникалық оқу орындарына оқуға түсті. Конкурс қатысушыларға болашақ кәсібін таңдауға және ағылшын тілін меңгеру дейін жоғарлатуға көмектеседі. 

Конкурстың нәтижелігі ретінде бір мысал келтірер болсақ, былтырғы жылғы жеңімпаз Қызылорда қаласының тумасы Евгений Демиденко туралы айтуға болады. «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсының қатысушысы ұшақтың жаңа моделін ойлап тапты. Кейін Евгенийдің бұл идеясын авиациялық, ғарыштық және әскери техниканың әлемдік ірі құрастырушыларының  бірі The Boeing Company сатып алды. 

Түсініктеме қалдыру