news-img

28 маусым Ақтауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қорының қолдауымен мүгедектігі бар балалар мен жастарға арналған бейімделген жағажайдың ашылуы болды. Теңіз жағасындағы ауданның арнайы аймағында енді ағаш төсеніші бар алаң, тенттер, шатырлар, шезлонгтер, арбада қозғалатын адамдарға арналған киім шешетін орын және балаларға арналған үрмелі бассейндер пайда болды.

— Жоба оның барлық қатысушыларына қолдауды сезініп, өзін барлық қазақстандық қоғамның бір бөлігі сезінуге мүмкіндік бергені маңызды. Тұңғыш Президент Қоры мүгедек балалар мен ерекше балаларды тәрбиелейтін отбасылардың мүдделерін сақтауға және қорғауға дайын. Қазіргі таңда жоба мүмкіндігі шектеулі бһбалаларды бейімдеу мәселелеріне қоғам мен мемлекеттің назарын аударды. Биылғы жылы оған жергілікті билік пен бизнес қолдау көрсетті,- деп атап өтті ТПҚ жобаларының аға үйлестірушісі Гульнара Ершиманова.

«Бейімделген жағажай» бірегей әлеуметтік-маңызды жобасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры ұйымдастырған 2018 жылғы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің жеңімпазы болды. Жоба авторы- «Луара» қоғамдық қоры. Оның жетекшісі Луара Асарова жағажайдың ашылуында жобаның мақсаты халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құру болып табылатындығын атап өтті.

— Бейімделген жағажайдың пайда болуының арқасында жазғы уақытта Ақтаудың мүмкіндігі шектеулі жастарының каспий жағалауында демалуға қолжетімділігі әлеуметтік мәселелерінің бірі шешілді. сондай-ақ суға барынша жақындау үшін арнайы жол салынады. биылғы жылы біз суда тұратын жағажайлық мүгедектер арбасын сатып алдық,- деп қосты ол.

Жағажайдың салтанатты ашылуына Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тимур Садвакасов қатысып, Тұңғыш Президент Қорына осындай маңызды және мәнді әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсеткені және жүзеге асырғаны үшін алғыс білдірді.

Садвакасовтың айтуы бойынша, «Zhasproject» жастар корпусының белсенділері осы жағажай кезеңінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін келуді,суға түсуді және осы жерде іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға белсенді көмектесетін болады.  

Жағажай күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бейімделген аймақ жағажай территориясында болған уақытта балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапты ата-аналарымен, әлеуметтік жұмыскерлермен немесе туыстарымен бірге 10 адамға есептелген.

 

Жаздың соңына дейін бұл жерде сондай-ақ шеберлік кластары, құм және арт-терапия өткізіледі. Ал аптасына бір рет жағажайға келушілер өзінің жетістікке жету тарихы, куш-жігері және белсенді өмірлік ұстанымының арқасында үлгі бола білген шақырылған мемлекеттік органдардың, бизнес, ХЕҰ өкілдерімен және мүмкіндігі шектеулі адамдармен диалогтық алаңның жұмысына қатыса алады.  

 

ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасының Қоры баспасөз қызметі

PR-менеджер Артур Жұмашев

+7 (727) 220-92-16, +7 (708) 960-56-13

a.zhumashev@fpp.kz, www.fpp.kz

Түсініктеме қалдыру