Алматыда «Ізгілік елшісі» еріктілер жобасының таныстырылымы өтті
Жаңа жоба тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еріктілер жылын жариялап, заңгер-еріктілерді халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету жұмыстарына белсенді тарту керектігін атап өткен еді.
«Ізгілік елшісі» жобасына Қазақстанның барлық аймақтарынан 3500-ден астам еріктілер қатыстырылған. Олардың қатарында заң факультеттерінің студенттері мен оқытушылары, адвокаттар, нотариустар, құқықтық бағыттағы мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, жастар қауымдастығы, сонымен қатар блогерлер мен журналистер бар.
Шара қатысушылары мен қонақтары алдында құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов қазіргі қоғамның дамуы үшін еріктілер қозғалысының маңыздылығын атап өтті.
- Еріктілік - адамдардың игілігі үшін күнделікті еңбек етуді, жан жомарттығы мен жоғары мәдениеттілікті, білім қоржынының молдығын талап етеді. Еріктілік бүкіл мемлекетті модернизациялауда маңызды рөл атқарады. Біздің әрқайсымыз кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруға өз үлесімізді қоса аламыз, - деді спикер.
Сондай-ақ, Игорь Рогов Елбасы қоры «Ізгілік елшісі» жобасына идеологиялық, идеялық және кеңес беру мәселесінде көмектесетінін жеткізді,
Айта кету керек, жоба аясында еріктілер құқықтық сауаттылық бойынша дәрістер оқиды, кеңес береді, процессуалдық құжаттарды дайындауға және т.б.құқықтық мәселеде көмектесетін болады.
Еріктілер саласын дамытудағы тағы бір бастама таныстырылымын «Jas Otan» ЖҚ Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов жасады. Ол мегаполистегі барлық еріктілер ұйымдарын біріктіруге арналған «Almaty volunteers» онлайн-платформасы туралы баяндады. Оның іске қосылуы таяу уақытта Тұңғыш Президент - Елбасы қорының ұйымдастырушылық қолдауымен жүзеге асырылады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының
Баспасөз қызметі
PR-менеджер Жумашев Артур
+7 708 960 56 13
a.zhumashev@fpp.kz
www.fpp.kz