news-img

Жас талантты ғалымдардың ғылыми тағылымдамаларға, конференциялар мен форумдарға қатысуы олардың еңбек қызметі мен мансаптық өсуінің ажырамас бөлігі болып табылады. Тұңғыш Президент қорында бірнеше жыл бойы ғылым мен мәдениет саласында дарынды жастарды қолдау үшін жол жүру гранттары байқауы табысты өтуде.

 

Осы бағдарламаны пайдаланған бақытты адамдардың бірі - жас ғалым, PhD докторы Ербол Шабанов болды. Елбасы қорының грант иегері Қарағанды қаласындағы Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия институтында ферроқорытпа және қалпына келтіру үдерістері зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.

 

Алынған грант Ербол Жақсылықұлына академик А.М.Самарин атындағы "Металлургиялық үрдістердің физика-химиялық негіздері" атты Халықаралық ғылыми конференцияда сөз сөйлеуге көмектесті. Әртүрлі елдердегі қара металлургия мәселелерімен айналысатын ғалымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің слеті РҒА А.А.Байков атындағы металлургия және материалтану институтында (Мәскеу қ.) өтті.

 

Конференцияда қазақстандық ғалым "Алюмосиликохромның жаңа кешенді қорытпасын қолдану арқылы тазартылған феррохром маркаларын балқыту" тақырыбында негізгі баяндаманы ұсынды. Ербол Шабанов атап өткендей, ұсынылған материал ғалымдар арасында қызығушылық тудырды, өйткені оның баяндамасында тазартылған феррохромды балқыту үдерісімен байланысты бірқатар мәселелер шешілуде. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның ферроқорытпа өнеркәсібінің қазіргі жағдайы қызықтырды.

 

Форум аясында ғалым Мәскеу, Челябинск, Екатеринбург және Магнитогорск әріптестерімен ғылыми байланыс орнатты. Белгіленген ынтымақтастық Қазақстанның ғылыми қызметкерлерінің қара металлургия саласында кадрлар даярлаумен айналысатын жетекші ресейлік институттардың магистратура және аспирантуралар бағдарламаларына қатысуын көздейді.

 

Ербол Шабанов бірқатар ғылыми гранттардың, сыйлықтар мен стипендиялардың иегері, сондай-ақ көптеген конкурстардың жеңімпазы болып табылады. Оның жетістіктерінің арасында - "NURINTECH" инновациялық жобалар байқауында "Үздік жас ғалым" номинациясында жеңіске жетуі саналады. Айта кетейік, аталмыш байқау ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтеді.

 

 

 

Түсініктеме қалдыру