news-img

«Салалық менеджерлер даярлау» бағдарламасының мақсаты қандай?

«Сала менеджерлерін даярлау» бағдарламаны ҚР Үкіметінің қолдауымен Тұңғыш Президент - Елбасы Қоры жүзеге асырады. Бағдарлама белгілі бір саланың жоғары деңгейлі мамандарын дайындауға, олардың ел экономикасының дамуына үлес қосуына бағытталған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - сала мамандарын тарту және іріктеу, қатысушылардан ҚР Үкіметінің жаңа күн тәртібіндегі міндеттерін іске асыру үшін команда құру және оларды одан әрі оқыту.
Бағдарлама аясында 11 салада реформаларды жүзеге асыру үшін 200 салалық маман даярлау жоспарлануда.

 

Табысты сала менеджері: ол кім?
Бүгінгі таңда табысты салалық менеджер - бұл жобаларды басқару және өзгерістерді басқару саласында терең білімі мен дағдылары бар, өзгерістерді әзірлеуге және жіберуге, жауапкершілікті қабылдауға және қиын шешімдер қабылдауға дайын Қазақстанның және шетелдің жетекші компанияларында тәжірибесі бар маман.

Осы бағдарлама үшін қандай салалар таңдалды?
Үкіметтің жобалық кеңсесі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 11 саладағы тапсырмаларын таңдап алды, олар экономикалық тиімділікке ие болады: сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп (жаңа өндірістерді қоса алғанда), су ресурстары, аймақтық даму және  қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау, медиа индустрия, геологиялық барлау.

 

Топтар қандай салалық тапсырмаларды орындайды?
 

Сала

Тапсырма

Сауда және логистика

1. Дүниежүзілік банктің логистикалық тиімділік индексінде (LPI) Қазақстанның жағдайын жақсарту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;

2. Сауданы дамыту бойынша жаңа бастамалар әзірлеу;

3. Сауда инфрақұрылымын дамыту;

4. Қызметэкспортының бағдарламасын жасау.

Құрылыс саласы

1. Құрылыс жобаларын жоспарлау және жобалау тәсілдері;

2. Құрылыстың жаңа технологияларын енгізу (стандарттар, BIM технологиялары);

3. Инженерлік желілерді жоспарлау және модернизациялау, шығындар тиімділігін бағалау әдістемесін жасау;

4. Тұрғынүй құрылысына жеке секторды тартудың жаңа тәсілдерін әзірлеу.

Ауыл шаруашылығы

1. АӨК субъектілерін субсидиялау тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу;

2. АӨК субъектілерінің ынтымақтастық құралын орталықтандыру (50 пилоттық кооперативті құру);

3. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру бойынша шараларды әзірлеу.

Өнеркәсіп (оның ішінде жаңа өндірістер)

1. Отандық кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және технологиялық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаруға, соның ішінде автоматтандыру және цифрландыру  арқылы ынталандыру шараларын жандандыру;

2. Индустриялық дамудың экспортқа бағытталған моделіне көшуді қамтамасыз ету;

3. Шетелдік инвесторларды мақсатты түрде тарту арқылы әлемдік қүнтізбеге интеграциялау;

4. Жеке қазақстандық брендтерді сыртқы нарыққа шығару және жылжыту;

5. Ғылыми және технологиялық дамудың салааралық жоспары арқылы басым технологиялық бағыттарды  (форсайтзерттеулер) анықтау.

Су ресурстары

 

1. Су ресурстарын дамыту бағдарламасын әзірлеу;

2. Су қожалықтарын басқарудың аймақтық бағдарламасын (пилоттық жоба) әзірлеу;

3. Су ресурстары жүйесін институционалдық қайта құру (су ресурстары саласындағы мекемелердің модельдерін жасау);

4. Су ресурстары саласындағы бұрын басталған жобаларды аяқтау (ұзақ мерзімді 12 құрылыс);

5. Су шаруашылығында МЖӘ тетіктерін қолдану;

6. Тасқындарды басқару жүйесі;

7. БҰҰ тұрақты дамуының №6 мақсаты «Барлығы үшін су ресурстары мен санитария ресурстарының қолжетімділігі мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету».

Аймақтық даму және қаланы басқару

1. Моно және шағын қалаларды дамыту стратегиясын әзірлеу (пилоттық жобалар);

2. Халықтың кірістерін арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ірі мегаполистерді қоса алғанда, аймақтарды дамыту мен басқарудың үлгілік моделін жасау (мысалы, жекелеген аймақтар).

Туризм, мәдениет және спорт

1. Туристік қызметтер мен өнімдерге стандарттар әзірлеу;

2. Үздік 10 туристік бағытты дамытуға инвестиция тарту;

3. Мәдени және спорттық нысандарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу және іске асыру;

4. Спорт индустриясына жаңа кадрлар жүйесін әзірлеу.

Білім беру

1. Отандық ғылымның тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу және іске асыру (коммерцияландыру);

2. Оқу орындары басшыларына арналған оқу бағдарламасын әзірлеу (университет ректорлары мен мектеп директорлары);

3. Орта білім беруде жан басына қаржыландырудың тиімді моделін енгізу;

4. Оқытушыларды оқытудың және тартудың тиімді жүйесін құру және енгізу.

5. Мектепке дейінгі білім беруді қамту және арттыру моделін енгізу.

Денсаулық сақтау

1. Халықтың кең қатысуымен аурудың алдын алудың тиімді бағдарламаларын жасау;

2. Бас дәрігерлерді даярлау бағдарламасын әзірлеу (бас дәрігерлерге арналған мектеп құру);

3. МЖӘ мен денсаулық сақтау саласындағы жеке тәжірибені дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;

4. Медициналық туризмді дамыту;

5. Ауруханалардың медициналық қызметтеріне тарифтерді жетілдіру.

Медиа индустрия

1. Медиа кеңістігін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеу және іске асыру;

2. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді насихаттау (13 мемлекеттік бағдарлама);

3. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын басқарудың тиімділігін арттыру және оларды өзін-өзі қамтамасыз етуге тарту.

Геологиялық барлау.

1. 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;

2. «Қазақстан Республикасының минералды ресурстарының ұлттық дерек қоры» АЖ құру;

3. Қазақстанның Геологиялық Барлау Қызметін құру;

4. «Қазгеология» ҰК» АҚ-ны пайдалы қазбаларды мемлекеттік геологиялық барлау жөніндегі ұлттық операторы ретінде белгілеу;

5. Камералық жұмыс және мұрағаттық геологиялық ақпаратты талдау және перспективалық инвестициялық жобаларды анықтау;

6. «Қазақстан Республикасының геологиялық саласын қайта жаңарту» ұлттық стратегиясы;

7. Геологиялық кластер құру.

 

Жобаға кімдер қатыса алады және үміткерлерге қандай талаптар қойылады?
Бағдарламаға қатысуға келесі біліктілік талаптарына сәйкес міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті тәжірибесі мен кәсіби білімі бар, Қазақстанда және шетелде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады:

Команда көшбасшысы

Тәжірибе:

  • Салалық бастамалар саласындағы терең кәсіби білім және негізгі дағдылар, саланы сарапшылық деңгейінде түсіну, индустрияның әлемдік трендін білу, Қазақстан Республикасы мен серіктес елдердің нарықтық жағдайларын білу;
  • Қазақстандық / халықаралық компанияларда / мемлекеттік қызметте үнемі өсіп келе жатқан позицияда кемінде 10 жыл тәжірибесінің болуы;
  • Басқарушылық және жобаны кешенді басқарудың кемінде 5 жылдық тәжірибесі, оның ішінде басқарылатын ресурстарды үздіксіз оңтайландыру қажеттілігі, стратегия құру деңгейінде дәлелденген дағдылар, бірнеше функциялар мен процестерді жоспарлау және интеграциялау;
  • Деректерді талдау мен интерпретациялауға, оның ішінде бағдарламалық бастамаларды дамытуға негізделген стандартты емес тәсілдер мен ұсыныстарды құру мақсатында күрделі аналитикалық есептеулерді жүргізу үшін күшті аналитикалық және қаржылық дағдылар;
  • Белгісіздікті жеңе білу, ұйымдастырушылық қиындықтарды бағдарлай білу және  өзгеретін бизнес қажеттіліктері мен басымдықтарына жауап беру үшін икемді болу;
  • Жеке жетістіктерін растау;
  • Жобалық тәсілді қолдана отырып, топтық жұмысты құру мүмкіндігі;
    -Келіссөз
    жүргізу дағдылары (сендіру, өзара тиімді бағдарлау) және дамыған қарым-қатынас дағдылары;
  • Мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Салалық бастамалар саласындағы заңнаманы білуі;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, соның ішінде Excel/Python немесе басқа бағдарламалардың көмегімен деректерді талдау мүмкіндігі.

Құзыреттер:

  • Күрделі мәселелерді талдау және шешу;
  • Топ құру және дамыту;
  • Нәтижені бағдарлау;
  • Өзара тиімді серіктестік құру;
  • Өзгерістерді басқару;
  • Көшбасшылық.

Сала сарапшысы

  • Сарапшы деңгейінде саланы білу және түсіну, әлемдік индустриялық тренді түсіну, Қазақстан Республикасының және серіктес елдердің нарықтық жағдайын білу;
  • Қазақстандық /халықаралық компанияларда/ мемлекеттік қызметте үнемі өсіп келе жатқан позицияда кемінде 7 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Жеке жетістіктерін растау;
  • Салалық бастамалардағы заңнаманы білу;
  • Күшті аналитикалық дағдылар, деректермен жұмыс істеу қабілеті, соның ішінде деректердегі жаңа қатынастарды табу және іскерлік қызметті жақсарту үшін оларды түсіндіру мүмкіндігі;
  • Ірі күрделі мәселелерді шеше білу;
  • Жобалау тәсілін білу;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, соның ішінде формулаларды пайдаланып, деректерді талдау.

Құзыреттер:

  • Топпен жұмыс жасау дағдылары;
  • Коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашық болу;
  • Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
  • Әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогқа белсенді қатысу мүмкіндігі;
  • Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау).
  • Ұйымдастырушылық өзгерістер мен қайта құрулардың тиімді жүзеге асырылуына ықпал ету;
  • Нәтижені бағдарлау.

Салалық маман

  • Саланы білу және түсіну, жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР және серіктес мемлекеттердің нарығының конъюктурасын түсіну;
  • Қазақстандық /халықаралық компанияларда / мемлекеттік қызметте 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
  • Оқуға деген жоғары қабілеті;
  • Салалық бастама саласында заңнамаларды білуі;
  • MSOffice (Excel, PowerPoint, Word, Outlook) жоғары деңгейде білу, оның ішіндеExcel/Python және басқа бағдарламалардың көмегімен мәліметтерді талдай білуі;
  • Ақпараттың көп көлемімен жұмыс істей білуі;
  • Сауатты ауызша сөйлеу және жаза білу;
  • Ағылшын тілін жетік меңгеру.

Құзыреттіліктер:

  • Аналитикалық саралау;
  • Командада жұмыс істеу дағдыларының дамуы;
  • Коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашық болу;
  • Нәтижеге деген бағыттама;
  • Жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру.


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры неліктен «Салалық менеджерлер» жобасын жүзеге асыру туралы шешімді қабылдады?
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры  Елбасының біздің қоғамның әлеуетін дамытуға және әлеуметтік маңызға ие қоғамдық жобаларды қолдауға бағытталған бастамаларын жүзеге асырумен айналысады. 
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын сапалы жүзеге асыру үшін ел экономикасын одан әрі дамытуға әсер ете алатын шешім қабылдау үшін, қажетті білім мен дағдыларға ие кәсіби мамандардан құралған командаларға деген қажеттілік туындады.  Осылайша,  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанынан құрылған Елбасы Академиясы өз кәсіби саласы бойынша нақты тапсырмаларды шешу тегеурінін қабылдайтын 200 менеджерге арнайы оқу бағдарламасын ұйымдастырады. Оқу өзгерістерді, көшбасшылық қасиетін және т.б. жетістікке жеткізетін қасиеттерді дамытатын болады. 

 

Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді?
Аталған бағдарламаға қатысқысы келетін үміткерлер туралы мәлімет жинау үшін өтінім ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан қабылданып жатыр. 
Үміткерлерді іріктеуде белгіленген квалификациялық талаптардан бөлек жеке, кәсіби, психологиялық, өзін-өзін ұстау сипаттамасы бойынша бағалау жүргізіледі. Адамның командада жұмыс істей алуы, нәтижеге қол жеткізу үшін өзіне жауапкершілік ала білуі маңызды.   Үміткерлерді бағалау тестілеу жүргізу, әңгімелесу (терең сұхбаттасу, құзызыреті бойынша сұхбаттасу), жағдаяттық тапсырма, бизнес-кейстер бойынша жүргізіледі. Үміткерлерді бағалау үшін кәсіби асессорлар және психологтар (HRмамандар), сондай-ақ халықаралық сарапшылар шақырылады.

 

Оқу қалай өтеді және қандай тағылымдамалар болады? Оқу кезінде мені жұмыстан босатады ма?  
Бағдарлама аясында оқыту қатысушылардың салалық/қызметтік білімдерін дамытуға, жаңа дағдылар мен икемділікті үйреніп, сондай-ақ көшбасшылық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарламаның соңына дейін қатысушыларға әр қатысушынының жеке даму жоспарын жасауға және қолдауға арналған жеке коуч-сессиялар өткізу жоспарланған.

Оқу келесі дағдылар мен құзыреттерді үйренуге бағытталады:

Бизес-аналитика, шешім қабылдау үшін мәліметтерді өңдеу және визуализациялау (PowerQuery, PowerPivot, PowerMap), үлкен мәліметерді басқару және машиналық оқыту, өзгерістерді басқару, жобалық кеңсені енгізу және жобалық басқару негіздері,  бизнесті бағалау, операциялық менеджмент (түрлі салалар үшін Theory of Constraints, TotalQualityManagement, SixSigma, Leanproduction қолдану),  маркетингтік зерттеу,  (компьютерлік модельдеудің көмегімен маркетинг саласында стратегиялық шешімдерді қабылдау), жоспарлау және бюджеттеу, тәуекелдерді басқару, қаржы және инвестициялар, бизнесті цифрлық трансформациялау негіздері және қолданатын құралдар, тиімді коммуникациялар, келіссөз жүргізу, сөйлесу интеллекті, сыни ойлау қабілеті және эмоциялық көшбасшылығы, өзін-өзі ұстау стилін тану, көшбасшының негізгі қабілеттері және т.б. 

Бағдарлама аясында оқу сессиялары лек бойынша жүргізіледі, топта 20-25 адамнан көп болмайды.  Егер қатысушы сессияны жіберіп алса, оның келесі лекке қатысуына мүмкіндік болады, сонымен бірге демалыс күндердің топтары ұйымдастырылады.
Қатысушылар үшін жеке кабинет ашылады, ол сабақтың кестесі, оқу бағдарламасы және тренер туралы ақпарат алып, қатысуын растап немесе басқа күнді таңдап, оқудың тиімділігін бағалай алады. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде өз салалары бойынша жетекші институттар мен кәсіпорындарда тағылымдамадан өту ұйымдастырылады. 

Бағдарламаға қатысу үшін негізгі жұмысымнан кетуім керек пе?
Бағдарлама қатысушыларына 3 түрлі мүмкіндік қарастырылған:
1. Толық қамтылу – қатысушы бағдарлама жүзеге асатын уақытқа жетекшілік ететін сала Министрлігіне іссапарға  жіберіледі, осылайша толық жұмыс күні мен барлық оқыту бағдарламасы бірге қамтылады;
2. Жартылай қамтылу – қатысушы қажетті оқыту бағдарламалары мен командамен жұмысқа негізгі жұмысынан қол үзбей жартылай қамтылады (жарты жұмыс күніне);
3. Сағаттап қамтылатын сарапшылар – шетелде тұратын және жұмыс істейтін сарапшыларға арналған.

Басқа мемлекетте болғандықтан бағдарламаға қашықтықтан қатыса аламын ба?
Иә, бағдарламаға шетелде тұратын, сағаттап қамтылатын сарапшылар қатыса алады.Әр сала бойынша онлайн дискуссиялық алаңдар құрылады, онда бағдарлама қатысушылары пікір таластырып, саладағы мәселелерді шешуде өз тәжірибелерімен бөліседі.

Бағдарламаға қатысқаным маған не береді?
 Аталмыш бағдарлама ерекше мүмкіндіктер береді:

  • саланы дамытуда өз үлесіңді қосып, нәтижені көру
  • профессионалдар командасының бір бөлігі болып, саладағы өзекті мәселені шешуде өз тәжірибеңмен бөлісу
  • саланың даму бағытына жол көрсету
  • дайындалған жаңа тәсілдер мен стандарттардың арқасында салада болашақта туындайтын мәселелерді шешуге қауқарлы болашақ буынды дайындау
  • оқыту бағдарламасы арқылы халықаралық тәжірибемен танысу әрі оны салаға енгізу үшін тәжірибе жинау
  • әрі қарай саладағы негізгі қызметтерге тағайындалу.

Бағдарламаға қалай қатыса аламын?
Бағдарламаға қатысу үшін кері байланыс мәліметтері көрсетілген түйіндемеңізді cv@elumiti.kz электронды мекен-жайына жіберіңіз.

Толық ақпарат алу үшін әлеуметтік желідегі https://www.facebook.com/o.managers сілтеме  мен телеграмм каналға https://t.me/managerskz өтіңіз.
Біздің байланыс нөміріміз:  +7 7172 24 87 96, +7 7172 24 87 86.

Түсініктеме қалдыру