«Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді дайындау бағдарламасы» бойынша сауалдар мен жауаптар
Сұрақ-жауаптар:
- «Салалық менеджерлер» бағдарламасына қатысу үшін кандидаттарды іріктеу процесінің кезеңдері мен мерзімі қандай?
- бағдарламаға қатысуға өтінімдер қабылдау 2020 жылдың 15 қаңтарынан бастап 17 ақпанға дейін ұзартылды. Түйіндемені саралау арқылы біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау кезеңінен ойдағыдай өткен кандидаттар тестіден өтуге нұсқау алды. Бағдарламаға қатысуға 2512 кандидаттан өтінім түсті;
- тестіден өту кезеңі 19 ақпаннан бастап 24 ақпанға дейін ұзартылды. Тестіден өтуге нұсқауды 1785 кандидат алды, алайда тестіден өтуді көзделген мерзімде тек 1088 кандидат қана аяқтады;
- салалық командалар жетекшісінің рөліне үміткерлермен жеке сұхбаттасу кезеңі 27 ақпаннан бастап 11 наурызға дейін ұзартылады;
- сарапшы мен салалық командалар маманы рөліне үміткерлермен жеке сұхбаттасу кезеңі 10 наурыздан бастап 19 наурызға дейін ұзартылады;
- 25 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жеке сұхбаттасу кезеңінен ойдағыдай өткен кандидаттармен алқалық сұхбаттасу өткізу үшін тәуелсіз комиссияның отырысы жоспарланған.
Бастапқыда 15 наурызға дейін команданы қалыптастыру процесін аяқтау жоспарланған, алайда наурыздың аяғына дейін ұзартуға басқару шешімі қабылданды.
Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді дайындау бағдарламасының жетістігі 100% оның қатысушыларына байланысты. Нәтижеге бағытталған, күшті салалық сараптамасы бар, тек мықты, командада тиімді жұмыс істей білетін, Бағдарламаның мақсатына жетуге – ҚР Үкіметі қойған салалық міндеттерді шешуге қабілетті кандидаттар ғана қауырт мерзімдегі жағдайда күрделі міндеттерді шешуге дайын. Соған байланысты біз кандидаттарды таңдау мен іріктеу процесіне формалдық тұрғыдан ғана емес, мықты салалық сарапшылардың үлкен санын барынша тарту тұрғысынан да қараймыз.
- Тестіден өтудің шекті мәні қандай?
Конкурстың міндеті – кандидаттарды іріктеу және нақты салалық міндеттерді шешу үшін олардан команда жасақтау. Конкурсқа барлық қатысушылар бірінші кезекте, салалық тәжірибесі, шеберлігі, дағдысы және жеке қасиеті бойынша бағаланады.
Әрбір саланың ішінде өтінім берген және тестіден өткен ең мықты қатысушылар іріктеп алынады. Бұл ретте бір саладағы кандидат тестісінің баллы басқа саладағы кандидатқа қарағанда, төмен болу жағдайы кездесуі ықтимал. Бұл қате емес, әрбір сала бойынша бағдарламаға қатысушылардан ең мықты кандидаттар алынады. Сондықтан барлық саладағы кандидаттар үшін тестіден өтудің бірыңғай шекті мәні жоқ.
- Тестінің барлық шкаласы бойынша орташа арифметикалық мән ретінде тестінің қорытынды баллы қалай есептеледі?
Жоқ, тест жүргізу нәтижелерінде көзделген қорытынды балл бұл орташа арифметикалық мән емес, перцентиль. Яғни «Салалық менеджерлер» конкурсына басқа қатысушылардың нәтижелерімен салыстырғандағы сіздің нәтижеңіз. Бұл бүкіл психометриялық тест үшін қорытынды баллды есептеудің классикалық әдісі.
- Бұл тест нені өлшейді?
Тұлғалық әлеуетін бағалау тестісі модульдік принцип бойынша құрылған кешенді құрал болып табылады. Ол кандидаттың немесе қызметкердің табыстылығын болжау тұрғысынан бірін бірі толықтыратын 8 тестіден тұратын батареяны білдіреді.
Тестінің негізгі мақсаты – қызметкердің кәсіби әлеуетін өлшеу. Әлеуетке қызметкердің оның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективадағы жаңа кәсіби міндеттерді шешудегі жетістігін бағалайтын тұрақты сипаттамасының жиынтығы түсініледі.
Тұлғалық әлеуетін бағалау тестісін жүргізуден 100 мыңнан астам адам өтті. Бұл осы тестіні зерттеу базасы және қамту бойынша бірегей ететін маңызды таңдау. Бұған қоса шамамен 70% іріктеуді жоғары және орта буындағы менеджерлер құрайды. Тест өзінің табыстылығын 7 жылдан астам көрсетіп келеді: тестіден өткенде жоғары балл алған қызметкерлерде нәтижелілік бір жыл жұмыстан кейін төмен нәтиже алған менеджерлерге қарағанда, 40% жоғары болады.
Қорытынды баллдың тек Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу бойынша ғана есептелетінін түсіну өте маңызды. Бұл демек, кандидаттар тестіні бүкіл ел бойынша жалпы іріктеумен емес, тек Бағдарлама кандидаттарымен ғана салыстырылады.
Жалпы қазақстандық және халықаралық іріктеумен салыстырғанда, кандидаттың қорытынды баллы ортаңғыдан жоғары, алайда Бағдарлама қатысушыларын іріктеумен салыстырғанда – ортаңғыдан төмен болуы мүмкін. Сондықтан атап айтқанда, тестіден өтудегі өзінің нәтижесін Бағдарламадан тыс соған ұқсас тестіден өту нәтижелерімен салыстыру орынсыз.
Бағдарламаға кейбір қатысушылардың түсіндірмелеріне жауаптар
- Қорытынды балл бойынша менің іріктеудің осы кезеңінен өткен-өтпегенімді қалай білуге болады?
Келесі кезеңге ойдағыдай өткен жағдайда, Бағдарлама үйлестірушілері Сізбен хабарласып, Сізді сұхбаттасуға шақырады. Конкурстық рәсімдер наурыздың аяғына дейін жалғасады, егер Сіз конкурстан өтпесеңіз, онда Сізге бұл туралы хат келеді.
- Мен осы шараны жіберіп алдым?! Мұны неге сонша аз жарнамалаған?
Өтініштерді қабылдау 15 қаңтардан басталып, 17 ақпанда аяқталды. Осы кезеңнің ұзақтығында жаңалықтар мен білімдік порталдарда жоба және оған қатысу туралы ақпараттар шықты. Алдағы уақытта өзекті жобалардан хабардар болу және оған қатысу үшін біздің fpp.kz порталға жазылуды және fpp.kz әлеуметтік беттеріндегі жаңартуларды қадағалап отыруды өтінеміз.
- Тұлғалық әлеует деген нені білдіреді?
Біздің Бағдарламаның жетістігі үшін кандидаттың әлеуетін – оның жаңа жағдайдағы тиімділігін анықтайтын психологиялық сапасын бағалау, оның құзыреттілігі мен нәтижелілігін сол сәтте бағаламай, оның жаңа жағдайдағы, жаңа командадағы, жаңа міндеттердегі тиімділігі мен табыстылығын болжау қажет. Нақ сондықтан Бағдарлама үшін қабілеттілікке тестіні немесе салалық білімнің тестісін емес, жетекшілік әлеуетін бағалау тестісі таңдалды.
- Апелляцияға бере аламын ба?
Апелляцияға сауал құжаттамамен расталған техникалық үзіліс, яғни кандидаттың әсер ету аймағынан тыс себептер жағдайында ғана мүмкін.
- Неге 19 ақпанда жіберілген қатысушылар 1305, ал 25 ақпанда 1785 деп хабарлады?
1305 кандидаттар – бұл 11 саланың бірінде кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар салалық менеджерлер. Тағы да әртүрлі мамандықтағы кандидаттар бар (қаржыгерлер, экономистер, заңгерлер, жобалық менеджерлер, ІТ-менеджерлер, алайда салалық компанияларда жұмыс тәжірибесі бар). Бағдарлама басшылығы барынша лайықты кандидаттардың бөлігін - әртүрлі мамандықтағы 480 адамды осындай тестіден өткен кандидаттардың резервін құру үшін тестіден өту кезеңіне енгізу керек деген басқару шешімін қабылдады. Олар бойынша шешімді іріктеудің неғұрлым соңғы кезеңінде командалар жетекшілері қабылдайтын болады. Қорытындысында 1785 кандидат тестіден өтуге нұсқау алды.
- Сіздердің телефондарыңыз істемейді, гудок қысқа және үзіліп кете береді.
Кандидаттардың үлкен бөлігінің тестіден өтуге нұсқау мәселесі бойынша, конкурс кезеңдері және көптеген басқа мәселелер бойынша белсенді қоңырау шалуларына байланысты телефондар үнемі бос бола берген жоқ. Бағдарлама үйлестірушілері әрбір минутта кандидаттарға консультация беріп отырды. Біздің телефондарымыз бұрынғыша қала береді: +7 (7172) 24 87 96, +7 (7172) 24 87 86. Біз сіздерге Бағдарламаға қатысты кез келген сұраққа қуана жауап береміз.
- Маған неліктен тестіге нұсқау бар хат келмеді?
Өкінішке қарай, қазіргі коммуникациялық жүйелер жетілдірілмеген және почталық серверлер хаттарды іріктейтіндей және оларды спам ретінде бағалайтындай құрылған. Барлық кандидаттарға барынша әділ болу және бәріне Бағдарламаға қатысуға өзінің құқығын пайдалану мүмкіндігін беру үшін Бағдарлама үйлестірушілері тестіге нұсқауды қолмен жіберді және нұсқау уақытында жеткізілмегендер үшін тестіден өту уақытын ұзартты және Бағдарламаның барлық кандидаттары үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге тырысты!
- Мәлімдемені маған тіпті қоңырау шалмай-ақ жіберді, қатаң іріктеу!
Бірінші кезеңде қатысушыларға қоңырау шалу қарастырылмаған. Бірінші турдың іріктеу қорытындысы почтаға жіберілді.
- Неге тест өте жалпы болды?
Тестінің бірінші кезеңі қатысушының жалпы қабілеті мен тұлғалық әлеуетін анықтауға бағытталған. Екінші кезеңде салалық дағдылары мен тәжірибесі зерттелетін болады.
- Тест неге сонша күрделі? Оны шешуге онсыз да уақыт аз беріледі емес пе?
Тест персоналды тестіден өткізудің халықаралық стандарттар талаптарына сай келеді. Тестіден өткізудің осы түрі көптеген елдердің коммерциялық және мемлекеттік секторындағы ұйымдарда кеңінен пайдаланылады. Тестінің сапасы қатысушылардың үлкен іріктеуінде (100 мыңнан астам адам) стандарттық әдістеме (психометриялық құралдар үшін) бойынша жүргізілген зерттеумен расталған.
- Тестіден өткізу мерзімі неге ұзартылған?
23 ақпанда тестіден өткізу мерзімі бір тәулікке ұзартылды, соған байланысты 23 ақпандағы күн соңында сағат 23.59 тестіден өтуді 300-ден астам қатысушы тапсырды. Біз тестіден өту уақытын бір тәулікке ұзартуға басқару шешімін қабылдадық. Нәтижесінде 24 ақпанда сағат 23:59 тестіден 1088 адам өтті. Жоба мақсатының тұрғысынан – мықты кандидаттардың көп санын тарту дұрыс шешім болды.
- Бағдарлама бойынша оқу процесі тегін бе?
Білім процесіне байланысты барлық шығындарды – оқуды, сарапшылар тартуды және басқа білім беру элементтерін жоба өтейді.
- Басқа қалалардан келетін қатысушылардың көлік шығынын кім өтейді?
Көлік және тұрғын үй шығындарын өтеу қарастырылмаған.
Получила вышепредставленное письмо с дедлайном 20 апреля. Подскажите, сроки открыты, или закрыты. на сайте видно, что дедлайны давно завершились. Заранее спасибо