news-img

Алматыда еліміздің шығармашылық оқу орындарының студенттері арасындағы екі апталық жарыстар аяқталды. Дарынды жастарды анықтау және ынталандыруға бағытталған олимпиада ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болып табылады. 

Студенттер арасындағы олимпиадалар – бұл жасампаз және талантты жастардың өзін-өзі танытуы үшін, өз әлеуетін көрсетуге және алған білімін тәжірибе жүзінде нығайтуға тамаша мүмкіндік. Көптеген жылдар бойы Тұңғыш Президент Қоры өз міндеттерін орындай отырып, жас қазақстандықтардың зияткерлік және шығармашылық сайыстарын қолдайды.

Дарынды музыканттардың жаңа саңлақтары үлкен өнерге жолдама алды. Алматыда шығармашылық мамандықтардың студенттері арасында өткен олимпиада қорытындысы шығарылды. Екі апта бойы Құрманғазы атындағы консерваторияның алаңында әртүрлі әуендердің үні естілді. Еліміздің шығармашылық оқу орындарының 350 студенті өнер және музыкалық білім берудің жеті бағыты бойынша жарысқа түсті.

Бұл байқауға ілігу оңай емес.  Жеңіп шығу одан да қиынырақ. Шығармашылық олимпиадаға қатысу шарттары кейде танымал музыка байқауларына ұқсайды. Музыкалық олимптың шыңын бағындыру – күшті, батыл және талғампаздар үшін міндет. Белгілі болғандай, Қазақстан дарынды жастарға бай. Тұңғыш Президент Қоры мен Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория он бірінші рет жасампаз студенттерді анықтады, олардың әрқайсысы өз бағытында күшті: бұл дәстүрлі музыкалық өнер, аспаптық орындау мен вокалдық өнер, композиция және арт-менеджмент.

— Бұл беделді байқаудың жеңімпазы болу маған үлкен абырой. Мен осы іс-шараның арқасында еліміздің басқа облыстары мен қалаларынан келген балалармен таныстым. Алматыда мен өзіме көп нәрсе алдым деп ойлаймын. Бұл тек жеңіс емес, сонымен бірге арты жақсы достыққа ұласқан, ниеттес адамдармен танысу, — деп «Халық әні» номинациясы бойынша екінші орын алған, Х. Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік педагогикалық университеттің студенті Айбек Қабыланбеков алған әсерімен бөлісті.

Шығармашылық олимпиада – бұл тек байқаудан тұрмайды. Мұндай байқаудағы басты құндылық – бұл байқауға қатысушылардың алатын тәжірибесі. Олимпиаданың арқасында болашақ жұлдыздар өнер көрсетудегі қорқынышын басады, толқынысын жеңуді үйренеді және алғашқы көрермендерімен кездеседі.

Ұлттық өнер университетінің студенті Асель Анетова бұнымен келіседі. «Осындай олимпиадалар әсіресе шығармашыл жастар үшін маңызды деп ойлаймынБұл мен үшін жақсы тәжірибе және менің білімім мен икемімді сынауға мүмкіндік болдыҰйымдастырушылар мен қазылар алқасына үлкен алғысымды білдіремін», — деді «Композиция» номинациясының лауреаты.

Түсініктеме қалдыру